Семей сақшылары – жеңімпаз

IMG_9155Өскемен қаласындағы «Алтай» стадионында Шығыс Қазақстан облыстық ІІД полицейлері Астана күніне орай шағын футболдан чемпионат өткізді.
Чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысы полициясының аудандық, қалалық бөліністері, сондай-ақ, жол полициясы мен «Арлан» арнайы бөлімшесінің 20-дан аса командасы қатысты. Жарыс кезінде бұл командалар 4 топқа бөлініп, өзара мықтыны таңдады. Жарыстың бірінші күнінде-ақ үздіктер анықталып, ойын тартысты өтті. Чемпионаттағы қазылар алқасын республикалық Футбол федерациясының аумақтық бөлімінен арнайы шақырылған білікті арбитрлер құрады.  Чемпионат нәтижесі бойынша Семей қалалық ІІБ полицейлері жеңімпаз атанды. Қызықты өткен жарыс кезінде олар өздерінің аяқдоп шеберлері екендіктерін көрсете білді. Жарыста Өскемен қалалық ІІБ командасы 2-орынға табан тіресе, 3-орын Зырян ҚАІІБ командасының ойыншыларына бұйырды.
Жүлделі орындар иеленген командалар кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарысты ұйымдастырушылар үздік ойыншыларға да ықыластарын білдіріп, сыйлықтар табыс етті.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*