Жаңалықтар

Өртке қарсы отыз күн

Қостанай қаласындағы 2-МӨБ аумағында облыс орталығы өрт сөндіру бөлімшелерінің гарнизондық жиыны өтті. Оған өрт бөлімшелерінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.

Жаңалықтар

Қылмыс саны 8%-ға қысқарды

Өткен жұмада Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов «Құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту – басты міндет» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Уақыт тынысы

Есірткіге қарсы ерекше операция

Өткен бір апта бойы Шымкент қаласында ҰҚШҰ мүше-мемлекеттер есірткіге қарсы бөлімшелерінің және Иран Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасының қатысуымен Халықаралық есірткіге қарсы «Канал-Красный бархан» операциясы өтті. Құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуін жан-жақты қамтыған бұл […]

Аймақ айшығы

Келденнің келуіне орай кездесу

Батыс Қазақстан облысына жұмыс бабымен «Қазақстандық төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің ұйымы» АҚ төрағасы Әбдірахман Келден келіп, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Ж. Жұмашевпен кездесті.

Қызмет

Пойыздағы жүздесу

Петропавл стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Ташкент-Екатеринбург» бағытындағы жолаушылар пойызында «Темір жолдағы кездесу» шарасын өткізді.

Қызмет

Баланы құтқарған батыр

Петропавл қаласының Алтынсарин көшесіндегі бір үйдің пәтері өртеніп, ішінде қалған баланы көршілері құтқарып қалды. Үйдің жиырмадан астам тұрғынын өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге көшірді.

Қызмет

Жауапсыздар жеті миллион төледі

Ақмола полицейлері террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеруде. Нәтижесінде 28 басшы мен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аймақ айшығы

50 пәтер ұрлығы ашылды

Жуырда Петропавл қаласының тұрғыны ақшалай қаражаттарының ұрланғанын айтып, полицияға хабарласты. Әйел азаматшаның пәтеріндегі ақшалай жинақтары жасырған орнынан жоғалып кеткен. Бұл орын туралы өзінен басқа ешкім білмепті. Қаскөй ешқандай із қалдырмас үшін бәрін істеген.