Суреті жоқ
Жаршы

Елбасы өңірлердің тартуын тамашалады

Кеше Қазақстан Президенті Астана қаласының сол жағалауында орналасқан 240 орындық «Almaty balabaqshasy» деп аталған жаңа балабақшаны аралап көрді. Бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыру үшін музыка залы мен ойын алаңдары бар.

Жаршы

Жетістікке толы 70 жас

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник М. Аманбаев ТЖ органдары ардагері Сағындық Джазинді 27 маусым күні мерейлі 70 жасымен құттықтап, оған «ІІМ құрметті ардагері» төсбелгісін табыстады.

Жаршы

«Бәйтерек» – тартымды нысан

Елорданың символына айналған «Бәйтерек» монументі туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне кірді. Бұл хабарды Халықаралық туризмді тұрақты дамыту комитетінің жетекшісі жеткізді.

Суреті жоқ
«Сақшы» газеті

Астана күні – Бакуде

Астананың 20 жылдық мерейтойы Баку қаласында атап өтілді. Шараны Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігі ұйымдастырды. Оған ел үкіметі мен парламентінің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері мен шетелдік дипломаттар қатысты.

Жаңалықтар

Ел басшысы кім?

Мексикада президенттік және парламенттік сайлау аяқталды. Экзитполдың нәтижесі бойынша Латын Америка халқы ел басшысы ретінде Андрес Мануэль Обрадорды таңдады.

Жаңалықтар

Ішкі істер министрі отставкаға кетті

Германия ішкі істер министрі және Христиан қоғамдық кеңесінің төрағасы Хорст Зеехофер отставкаға кетті. Саясаткер ақпаратты ресми растап, бұл мәселе партия қарауында екенін айтты.

Жаңалықтар

Бакуде аптап ыстық

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлттық депармаментінің хабарлауынша, 2018 жылдың 1 шілдесінде Бакуде және Абшерон түбегінде соңғы 120 жылда болмаған температуралық рекорд тіркелді.

Жаңалықтар

Астана – бейбітшілік пен келісім орталығы

Астананың 20 жылдығы аясында ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырған «Астана: бейбітшілік пен келісім орталығы» халықаралық конференциясы өтуде.

Жаңалықтар

Әлеуметтік көмектің әлеуеті зор

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда кәмелеттік жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандардың күтіміне жәрдемақы төленетін болды. Жаңадан тағайындалған әлеуметтік көмекке бірінші топтағы мүгедектер ие болады.