Күні бойынша: 04.05.2018

Қос мереке қарсаңындағы құрмет

Кеше Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әскери және құқық қорғау қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сондай-ақ, сыныптық шендер мен мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Толығырақ оқу »

«Әскери тұтқындар» сервисі ашылды

Кеше Ішкі істер министрлігінде Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға алынған бұрынғы әскери тұтқындар және Германиядан қайта оралған КСРО азаматтары туралы саяси-маңызды «ҰОС «Әскери тұтқындары» сервисінің ашылуына байланысты журналистермен баспасөз мәслихаты өтті.

Толығырақ оқу »

Ардагерлерге көрсетілген құрмет

Қан майданда жауға қасқая қарсы тұрған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Бүгінгі ұрпақ қазыналы қарттарға бейбіт заман үшін қарыздар. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, төрағаның бірінші орынбасары, милиция полковнигі Берік Сүлейменов Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдары ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Толығырақ оқу »

Татулық – бейбітшілік тірегі

Жуырда Ішкі істер министрлігінде ұлттар арасындағы татулық пен ынтымақтастықты нығайту, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін қолдау мақсатында және Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай «Татулық – достық тірегі» атты іс-шара өтті.

Толығырақ оқу »

Соғыс ардагерінің даңқты жолы

Фашизмге қарсы сұрапыл соғыста қол жеткізген Жеңіске биыл 73 жыл толады. Арада қанша жыл өтсе де, майдангерлер жүрегінен қанды соғыс ізі өше қойған жоқ. Олар майдан даласында өз Отандарын ғана емес, болашақ ұрпақтар өмірін де ерлікпен қорғады. Жауынгерлердің жасампаз ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Толығырақ оқу »

Полиглот полицей

Тіл білгенге тосқауыл жоқ. Күнделікті қызметте әрқилы жағдайда түрлі ұлт өкілдерімен кездесетін тәртіп сақшылары үшін тіл білудің артықшылығы көп. «Тіл білгенің өзіңе жақсы. Ділі, діні, түрі, тілі басқа ұлт өкілдерімен солардың тілінде сөйлесу жұмысыңды жеңілдетеді», – дейді полиглот полицей Мейірбек Муталиев. Полиглот деп отырғанымыз Астана қалалық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Мейірбек Сұлтанбекұлы ана тілінен бөлек, орыс, түрік, әзербайжан, өзбек, қырғыз тілдерін еркін меңгерген.

Толығырақ оқу »