Күні бойынша: 01.02.2018

Қоғамдық кеңес 39 арыз-шағымды қарады

ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралған мәселелер бойынша шығарылатын ұсынымдардың жүзеге асырылуы қатаң бақыланады. Бұл туралы Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов өткен жыл қорытындысына арналған жиында айтты.

Толығырақ оқу »

Жолдау жүктеген міндеттер

Қарағандылық тәртіп сақшылары Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаевтың қатысуымен өткен алқалы жиында 2017 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Жыл қорытындысы бойынша өткен алқалы отырысты министрдің орынбасары Ерлан Заманбекұлы ашып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын залға жиналған полиция қызметкерлеріне жеткізді. Полиция генерал-майоры биылғы жылдың басында жарияланған Жолдаудың ішкі істер органдарына қатысты алты бөліміне тоқталып, әрбір бөлімде көрсетілген тапсырмалар …

Толығырақ оқу »

Бейбітшілік дінін бетперде қылған радикалдармен күрес күшеймек

Көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылған елімізде діни экстремизм мен терроризм күн сайын тамырын тереңдете түсуде. Әлем елдеріндегі қарулы қақтығыстардың артында хақ діннің атын жамылып, қару асынып, өз Отанын сатуға үгіттейтін радикалды топтардың тұрғаны жиі айтылатын болды. Халықтың емес, қара басының қамы үшін қыруар қаржыға кенелуді көздегендер отандастарын ойланбастан осы жолға итермелеп, ел ішінде іріткі салса, ата дінімізден хабары жоқ қарапайым жұрт ұстанымы ұйып отырған …

Толығырақ оқу »

Отаншылдықтың тамыры – отбасында

Тәшкенбаевтар отбасын нағыз әскери династия деп атауға болады. Тәшкенбаевтар – Ұлттық ұланда көпшілікке танымал азаматтар. Бір әулеттің барлық азаматы Ұлттық ұланда абыройлы қызмет атқарып жатқан жайы бар. Үйдің үлкені Қайрат – әулеттегі алғашқы әскери қызметші атанып, тыңға түрен салғаннан кейін оның артындағы туған іні-қарындастары: Бақыт, Зарина, Әлия, Мұрат та бойдағы бар қажыр-қайраттарын Отанды қорғау қызметіне арнап, ел айбыны – Ұлттық ұланда қызмет атқаруда.

Толығырақ оқу »

Парыз бен парасат жолында

Өткен жылы ел полициясының құрылғанына 25 жыл толды. Мемлекетіміздің басқару жүйесінде Елбасының бағдарымен қоғамдық-саяси, әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеуде заң талаптарының орындалуын жүзеге асыру мақсатында тынбай қызмет атқарып келе жатқан полиция қызметінің тәуелсіздік алған жылдардан бергі қалыптасқан өзіндік тарихы бар.

Толығырақ оқу »

Запастағы полиция полковнигі Дәулет ТЕМІРХАНОВ: «Динамо» – даңқты спортшылар ордасы

«Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, запастағы полиция полковнигі, Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайыс және бүкілқазақстандық джиу-джитсу қауымдастығының вице-президенті Дәулет Темірхановтың саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнағаны өз алдына, Олимпиада саңлақтарын додаға дайындап, талай спортшының бағын жаққан спорт қоғамына сіңірген еңбегі де бір төбе. Еңбек жолын қарапайым милиционер болып бастаған ол қызмет жолында талай жетістікке жеткен, бүгінде ол тәлімі мол басшы. Орайы келгенде айтары мол арда азаматпен …

Толығырақ оқу »