Күні бойынша: 16.01.2018

Құдыққа түсіп кеткен әйелді құтқарды

Жуырда Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері құдыққа түсіп кеткен әйелді құтқарды. Оқиға кешкі 19.30 шамасында орын алған. Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің екі әскери қызметшісі қызметтен кейін үйге бара жатып тосын жағдайға куә болады.

Толығырақ оқу »

Теңдесі жоқ миграциялық орталық

Бірінші рет елімізде шетелдіктерге ешбір кедергісіз қызмет көрсететін миграциялық ХҚО ашылды. Өткен аптада оның ресми ашылу салтанатына Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов қатысты.

Толығырақ оқу »

Қоғамдық қауіпсіздік басты орында

Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдаумен ашты. Бұл – Елбасының адамзат қадам басқалы отырған дәуірдің сипатына сәйкес еліміздің даму бағдарын бекемдеуге бағытталған кезекті маңызды мәлімдемесі.

Толығырақ оқу »

Диспетчерлердің қызметі маңызды

Жуырда диспетчерлердің (радиотелефонистер) білімдерін жетілдіру мен тәжірибе алмасу мақсатында кәсіби даярлық мектеп базасында семинар сабақтары өтті. Семинар барысында көптеген мәселе талқыланды.

Толығырақ оқу »

Ерліктері ескерусіз қалмады

Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстау облысының ІІД алаңында Ақтау ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік батальонының екінші рота командирі, полиция аға лейтенанты Ерғали Ысқақов және Ақтау ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік батальоны бірінші взводының екінші рота полицейі, полиция сержанты Ерболат Әкімбаевқа мемлекеттік марапаттар тапсырылды.

Толығырақ оқу »

Толағай табысқа толы жыл

Қазіргі таңда Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы елімізге етене таныс. Білім ордасының беделі күн санап артып келеді. Бұл, әрине, қажырлы еңбек жасап жатқан академияның тұрақты және ауыспалы құрамының айрандай ұйыған бірлігі мен қажырлы еңбегінің арқасы дер едік.

Толығырақ оқу »

Тергеушілік – жауапты қызмет

Ақтөбе қалалық ІІБ Заречный полиция бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Олеся Абдуалиева ішкі істер саласындағы еңбек жолын оқу орнын бітірісімен, 2009 жылы Сазды полиция бөлімінде тергеуші болып бастаған. Ол кезінде Қазақ гуманитарлық заң академиясының Ақтөбе филиалын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Толығырақ оқу »

Үш рет ерлік жасаған

Сержан Кәрімжанұлы 2010 жылы Шымкент қаласындағы №77 мектепті бітірген соң Көкшетаудағы техникалық институтына оқуға қабылданады. Мамандық алып, қаланың қайнаған тіршілігіне келген өрт сөндіруші жиі-жиі өрт дабылдарына шығады. Ол әрбір дабылда өзінің қағілез қимылымен ерекшеленеді. Соның бірі өткен жылдың ақпан айында Шымкент қаласындағы Тәуке хан даңғылы бойындағы көпқабатты үйде болған өрт оқиғасы еді.

Толығырақ оқу »