Күні бойынша: 07.09.2017

Жас сақшылардың кадет сыныбы ашылды

Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы №7 жалпы білім беру мектебінің базасында құрылған кадет сыныбы Қазақстанның құқық қорғау жүйесіндегі алғашқы осындай сыныптардың бірі болып табылады.

Толығырақ оқу »

Өмірге ғашық болу немесе Логотерапия

4 қыркүйекте ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (Астана қаласы) және гарнизон психологтарының ұйымдастыруымен Ұлттық мұражайда 4 күндік әңгіме-дәріс басталды. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теологтары мен шығыстанушылары шақырылды.

Толығырақ оқу »

Жаңа ауданда – жаңа полиция ғимараты

Еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласының аумағы жыл санап кеңейіп келеді. Тоқырау кезеңінен кейінгі алғашқы дағдарыс жылдарында кәсіп іздеп қалаға ағылған ауыл тұрғындарының шама-шарқы келгенше жер алып, баспана салып шоғырланған жері – қазіргі «Шаңырақ» шағын ауданы болатын. Жол мен судың жоқтығына да қарамай, базар жағалап жүріп тапқан қаражаттарына баспана тұрғызған жұрт қазір «Шаңырақтың» қала типтес болып дамып келе жатқанына дән риза. Қазір самаладай жарқыраған шағын ауданда тұрғындар үшін барлық жағдай …

Толығырақ оқу »

Ұлттық ұланның тұңғыш түлектері шекара академиясында бас қосты

Жуырда елдігіміздің тірегі, атамекен жеріміздің, ел шебінің сақшылары – шекарашылар өздерінің төл мерекелерін атап өтті. Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің құрылғанына – 25 жыл. Осы мерейлі мерекеге орай Алматы қаласындағы Шекара академиясында айтулы шара өтті. Оған Ұлттық ұланның бір топ жоғары лауазымды офицерлері де арнайы барды.

Толығырақ оқу »

Талғаттың толағай табыстары

«Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» демекші, қызметкерлердің ішінде де жұмысына берілген, еңбегіне тиянақты әріптестер болады. Қазалы аудандық ІІБ-де ондай қызметкерлердің қатары аз емес. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, мен солардың ішінен учаскелік полиция инспекторы Талғат Төребайұлы туралы айтқым келіп отыр.

Толығырақ оқу »

Қылмысты жедел ашқан сақшылар

Қай істің болсын өз алдына қойған мақсаты болады. Сол мақсаттарды тыңғылықты орындау сол істі мойнына алған тұлғаның табанды мінезінің айғағы. Қай салада болсын, қиындығы мен қызығы қатар жүретіні бәрімізге мәлім. Міне, осындай қиын жағына мойымай, өз қызметін тиісті деңгейде атқарып жүрген ішкі істер органдарының жас полиция қызметкерлері де аз емес.

Толығырақ оқу »

Еңбегі еленген Данабек

Көліктегі ІІД-нің Қазалы стансасындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағына Байқожа стансасы мен Арал стансасы аралығындағы 130 шақырымдық темір жол желісі қарайды. Осы аралықтағы ең үлкен торап – Әйтеке би кентінде орналасқан Қазалы вокзалы.

Толығырақ оқу »