Күні бойынша: 05.09.2017

Қызыққа толы Қытай сапары

Қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің отбасылары Аспан асты елінде болып қайтты. 2017 жылдың жазы қазақстандық 10 оқушы мен олардың аналары үшін есте қаларлықтай болды. Тамыз айында қазақстандықтар ежелгі өркениет мекені, 5 мың жылдан астам тарихы бар, әлемнің әр түкпірінен арнайы келетін туристерді баурап алар ерекше мәдениетке ие ел – Қытайға ресми сапармен барды.

Толығырақ оқу »

Тұрмыстық зомбылыққа жол жоқ

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары «Қорғау Астана» жеке қорының және «Зорлық-зомбылықтан соң қиын жағдайға түскен азаматтарды қабылдау Дағдарыс орталығының» өкілдерімен бірлесе отырып, «Керуен Сity» сауда орталығы ғимаратының ішінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты профилактикалық шара өткізді.

Толығырақ оқу »

Криптовалюта – қаржы пирамидасы ма?

Күніміз көк қағазға қарап қалған шақта аз уақыт ішінде байып шыға келетініңе «кепілдік» беретін қаржы пирамидалары көбейіп кетті. Мемлекетпен реттелмейтін қаржы пирамидаларының қазынасында кеткен қазақстандықтардың қаражатында есеп жоқ шығар. Соларға қанша ауыздары күйсе де, адамзат баласы ғайыптан тайып байып кетуден үміт үзбейтіндей көрінеді.

Толығырақ оқу »