Күні бойынша: 10.08.2017

Отаншылдық – өмірдің мәні

Темір жол тасымалы – толағай міндетке толы қызмет. Шойын жол – әр мемлекеттің басты күретамыры. Осы жолдар арқылы күніне қаншама тауар тасылып, еліміздің бойына қан жүгіреді. Темір жол саласында әскери тасымал ұйымдастыру ісі де үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Бұл міндетті атқарушылар – көбіне-көп көзге де түсе бермейтін, бірақ, ауқымды жұмыстардың басы-қасында жүрген ерен еңбектің адамдары. Тақырыпқа орай, жақында біз Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының арнайы және әскери темір жол …

Толығырақ оқу »

Жас полицейдің жарқын арманы

Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап, оның тыныштығын қорғау – әрбір азаматтың басты парызы. Осы жауапты жолда «тәртіп сақшысы» деген мәртебелі мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз. Қоғамдағы тәртіп пен тыныштықтың күзетшісі болып жүрген сол жас полицейлердің бірі – Наурызбай Сәндібеков.

Толығырақ оқу »

Еңселі ердің елдік мұраты

Тәртіп сақшыларының қиын да күрделі қызметін абыроймен атқара білуі үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Темірдей тәртіпті сақтап, ел тыныштығын қорғау жолында аянбай еңбек етуде полиция қызметкерлеріне жүктелер міндет зор.

Толығырақ оқу »

Әуелгі міндет – әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау

«Бас бостандығынан айыру жазасы не мақсатта қолданылуы керек?» деген сұраққа көпшіліктің пікірі – егерде адам қылмыс жасаса, оны міндетті түрде қоғамнан оқшауландыру, яғни, жазаға тарту керек дегенге саяды. Бірақ, кейбір жағдайларда бас бостандығынан айыру жәбірленуші тарапқа, сотталғанның жақындары мен өзіне қолайсыздықтар туғызатыны көпті толғандырмайды.

Толығырақ оқу »

Заманауи сипаттағы Затон полициясы

Затон. Бұл сөзді Семейден еш бөліп алып қарай алмайсың. Семейліктер үшін де, Абай елін көргісі келген кез келген мейман үшін де Затон – өте таныс атау, таныс сөз. Барша қазақ үшін ұлы Абайдың кіндік қаны тамып, шілдесі сөгілген Шыңғыстау, Қарауыл қандай ыстық болса, Затон семейліктер мен қарқаралылықтар үшін сондай сүйкімді.

Толығырақ оқу »

Тәрбиені тәрк еткендер жазаға тартылды

Алматы қаласындағы ювенальды полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен криминальды полиция өкілдерінен құрылған топтар күн сайын өзге қалалардан келген жасөспірімдерді дер кезінде анықтау үшін жастар мен жасөспірімдер көп шоғырланатын жерлерде рейдтік шаралар жүргізуде.

Толығырақ оқу »

Заңсыздықтың жолы қысқа

Жамбыл облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының 1961 жылғы тұрғыны мен оның ұлының сексеуілді кесіп, оны Алматы қаласы аумағында заңсыз сатумен айналысқандығы туралы хабарлама түскен.

Толығырақ оқу »

Ұлт Жоспары – болашаққа нақты қадам

Қазақстанда Тәуелсіздік жылдарда мықты әлеуметтік мемлекеттің негізі қаланды. 26 жыл ішінде тамыры терең тарихымызда жас мемлекет небір қиындықтарды бастан өткерді. Соған қарамастан, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында біз бұл кезеңді абыроймен өте білдік, жаңа дәуірдің, жаңа заманның есігін айқара аштық.

Толығырақ оқу »