Күні бойынша: 08.08.2017

Спорт та – түзеу құралы

  Сотталғандарды түзеу жолында саламатты өмір салтына ынталандыру және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) жазаларын өтеп жатқан сотталғандар арасында жыл сайынғы жазғы спартакиада өткiзілді.

Толығырақ оқу »

Айтулы көрме – елдіктің ерен белгісі

   Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс–шаралардың өтуіне ұйытқы бола білді.

Толығырақ оқу »

Түрме – жазалаушы емес, түзеуші

Қазір Қазақстанда қанша түзеу мекемесі бар? Ондағы ұсталушылардың саны қанша? Сотталғандардың түрмедегі жай-күйі қалай? Темір тордың ар жағындағы олардың қандай құқықтары мен міндеттері бар? Қанша азамат бостандыққа шықты? Аталған сұрақтар төңірегінде Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға аз-кем шолу жасасақ.   

Толығырақ оқу »

Тілсіз жауға тосқауыл

Тамыз айында Солтүстік Қазақстан облысында ыстық ауа-райының сақталуы табиғи өрт қаупінің күшеюіне әсер етіп отыр. Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайлар болғанда дер кезінде әрекет ету және алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяевтың төрағалығымен жедел кеңес өткізіліп, онда 2017 жылы облыс аумағында өрт қаупі бар орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды.

Толығырақ оқу »

ЖАТТЫҒУ – ШЫҢДАЛУ МЕКТЕБІ

Асқаралы Алатаудың баурайындағы әсем қала Алматы ірілі-ұсақты өзендер мен көлдерге де бай өлке. «Су – тіршілік нәрі» дегенімізбен, ең қауіпті саналатын тілсіз жаудың адамзатқа тигізер зияны да жетерлік.

Толығырақ оқу »

Ұлт жоспары аясындағы іргелі істер

Өткен жұма күні Үкімет үйінің баспасөз орталығында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» атты екінші бағытының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәжілісі өтті. Оған Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаев және Әділет министрлігі, Жоғарғы сот және Бас прокуратура өкілдері қатысып, баяндама жасады.

Толығырақ оқу »

Далалық жағдайдағы дайындық

Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Арнасай ауылының аумағында орналасқан Астана қалалық ІІД-нің полигонында департаменттің барлық қызметтеріне арналған далалық оқу-жаттығу жиындары өтуде. Былтыр күзде ашылған полигонда бекітілген жоспар бойынша жиын өткізу үшін әрбір қызметке ең кемі екі күннен берілген.

Толығырақ оқу »