Басқы бет / 2017 / Шілде

Ай мұрағаты: Шілде 2017

АҚШ-та абыройға кенелген қазақ сақшылардың сыры

Халқымыз еш уақытта таланттардан кенде болған емес. Бұлбұл дауысты әншілер мен мың бұралған бишілер де, алып күштің иесі де баршылық. Мәселен, әлемде 200-ден астам мемлекет болса, оның онында ғана ғарышкер бар. Ал, бізде олар – үшеу. Шүкір, мұндай мысалдар жетіп-артылады.

Толығырақ оқу »

Бағыты айқын Балданов

Еліміз Тәуелсіздік алған жылы дүниеге келіп, тәуелсіз Қазақстанмен бірге дамыған, өсіп-жетілген Тәуелсіздік құрдастыры арасында бүгінде Ішкі істер органдарында жауапты қызметтер атқарып келе жатқан полицейлер аз емес. Жарқын болашаққа бастайтын сара жолмен дамып келе жатқан Қазақ елі секілді, олар да қызметте айқын бағыттарымен алға жылжуда. Осы орайда, біз Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-де қызмет атқарып жүрген Тәуелсіздік құрдастарының бірі туралы сыр шертуді жөн көрдік.

Толығырақ оқу »

Әке ізін жалғаған

Жұлынсыз бел болмас, жүрексіз ер болмас, астанасыз ел болмас. Есірткі дегенді білмейтін, тек қана шыңға өрлейтін болашақ Астананы қалыптастыру дәл бүгіннен басталатыны анық. Ол үшін құзырлы органдар да бар күш-жігерін салып жұмыс жасауда. Соның бірі – Астана қалалық көліктегі Ішкі істер департаментінің кинологиялық қызмет орталығы. Ал, дәл осы орталықтың жұмысын полиция майоры Бағлан Жарылқасынұлы арқылы білетін боламыз.

Толығырақ оқу »

Жол қозғалысының жаңа талаптары түсіндірілді

3 шілде күні Мемлекет басшысы жол жүру ережелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, аталған түзетулер 15 шілдеден бастап қолданысқа енген болатын.

Толығырақ оқу »

Екі жылға жоспарланған екіжақты келісім

Ташкент қаласында (Өбзекстан) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов пен Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Даврон Назармұхамедовтың шекаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша екіжақты кездесуі өтті.

Толығырақ оқу »

Арда қызметтің өзегі – адамгершілікте

Еліміздің орталығынан орын тепкен Қарағанды қаласы – батыс пен шығысты, солтүстік пен оңтүстікті жалғап жатқан ірі жол торабы. Күндіз-түні келімді-кетімді көлік қатынасы үзілмейтін шахардағы Қарағанды-Сұрыптау стансасы Ішкі істер желілік бөлімінің жұмысы әрдайым қауырт. Біз бөлім бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Назымбек Сүлейменовпен Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай, полицияның бүгінгі келбеті, жас мамандарды патриоттыққа тәрбиелеу, кадр жұмысының мәселелері жайында сұхбаттасқан едік.

Толығырақ оқу »

Тыныштық темір жолдан басталады

Семейді тоғыз жолдың торабы десе болады. Әуе қатынасының орны бір бөлек. Ал, көліктер пойыздар мен автокөлік магистральдары бағдары сызбаларында айқұш-ұйқыш тартылып жатқан жолдармен жүйткіп, Қазақстанның өз іші ғана емес, ұрымға да, қырымға да асып жатады. Арысы Қытай мен Қиыр Шығысқа, берісі Ресейге, ол арқылы Еуропаға жөңкілген көліктерден көз сүрінеді.

Толығырақ оқу »