Күні бойынша: 01.06.2017

Біздің ұстаным – дәстүрлі дін

ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола көлік колледжінде студенттермен кездесу өтті.

Толығырақ оқу »

Академиялар арасындағы ынтымақтастық

Жуырда Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы арасында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Толығырақ оқу »

Елорданың сенімді қорғанышы

Астана қаласын су басу қаупі бар ма? Болған, бірақ бүгінде ол қауіптің алды алынған, дейді елордалық ТЖД мамандары. Осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1993 жылы Ақмоланы су алып кете жаздаған оқиға тіркеліпті. Оған тасқын суды біртіндеп өткізіп тұратын шлюздің бұзылуы себеп болған. Мұндай үлкен мөлшердегі су тасқыны он жылда бір қайталанып тұратын көрінеді.

Толығырақ оқу »

Ерікті жасақтың жәрдемі зор

Өскемен қаласында полицияның қоғамдық көмекшілер институты өте жақсы дамыған. Соның ішінде Ерікті халық жасағының жұмысы кеңінен жолға қойылыпты. Кәсіпорын қызметкерлері мен студенттерден тұратын топ бүгінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуда ғана емес, салдарын жоюда да полиция қызметкерлеріне үлкен қолғабыс жасап отыр.

Толығырақ оқу »

Мұңайлы астана сақшыларына жүктелген міндет зор

Атырау облысы – еліміздегі экономикалық өсімі жоғары өңірлердің бірі. Осы облысқа барған іссапарымыз барысында ішкі істер органдарының қызметімен танысып, өңірдегі тәртіп сақшыларының алдындағы негізгі екі міндет – ең алдымен қызыл балық қорын сақтау және мұнай ұрлығына жол бермеу екендігіне көз жеткіздік. Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Аян Дүйсембаев осы және өзге де міндеттер жайында тарқатып айтып берді.

Толығырақ оқу »

Ел қорғаған еңселі ер

Жуырда Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай, Қарағанды қаласы Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі істер органдарында 38 жыл қызмет еткен отставкадағы ішкі қызмет полковнигі Николай Волдыревтың шаңырағында болып қайтты.

Толығырақ оқу »

Кеңестің жұмыс кеңістігі

Жуырда Орал қалалық ІІБ акт залында ардагерлер кеңесінің жұмыс қорытындысына арналған жиын өтті. Оған қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Наурызбай Ғұмаров, Батыс Қазақстан облыстық ІІД ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мақсот Қазтуғанов, кеңес мүшелері қатысты.

Толығырақ оқу »

Абыройлы офицер

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толады. Төл мерейтойға орай өзінің өмірлік таңдауы қылып, саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған ішкі істер органдарының ардагері, ІІМ-нің Семей заң колледжі кадр бөлімінің бұрынғы бастығы, отставкадағы полиция полковнигі Василя Букашева жөнінде сөз қозғамақпыз.

Толығырақ оқу »

Генералдар тәлімгері

Ішкі істер органдарының ардагері, запастағы подполковник, отыз жылға жуық милицияның қиын да ауыр қызметінің барлық сатысынан сүрінбей өткен Оразбай Жалғаубеков жайлы өмірінен бір үзік сыр айтпақшымыз. Ол кісі Кеңес Одағы кезінде подполковник шеніне өз еңбегімен, білімімен жеткен адам. Ол кезде сондай дәрежеге көтерілудің өзі кім көрінгенге бұйыра бермейтін бақыт болатын. Бұл шенге Оразбай ақсақал шыншыл, принципшіл, әділетті, адалдығының арқасында жетті.

Толығырақ оқу »

Бассейндегі бәсеке

ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің жеке құрамы Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойын жыл басынан бері есте қаларлық шаралармен атап өтіп келеді. Спорттың футбол, волейбол, гір тасын көтеру, дойбы мен шахмат, жеңіл атлетика және самбо тәрізді түрлерінен жарыстар өткізілді. Ал мамыр айының соңғы күндері біздің қызметкерлер Астана қаласының күзет бөліністерінің арасында өткен суға жүзу жарысына қатысып, полктің беделін тағы бір биікке көтеріп тастады.

Толығырақ оқу »