Күні бойынша: 16.05.2017

Рухани жаңғыру – ұлт құндылықтарының жаңаруы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бұрынғы жарияланып жүрген құжаттардан ұстыны мен ой-санаға әсері айрықша бөлектігімен ерекшеленді. «Ұйысаң, айрандай ұйы» деген қазақы болмыстық сөз бар. Бұл ел бірлігін ойлаған бабалардан жеткен жетелі сөз. Мақаламен танысқанда-ақ, осы жетелі сөздің жетегімен бабалар рухына мың мәрте тағзым ете отырып, ел келешегіне парасат көзімен қараған салмағы бүтін сындарлы ойды байқадық. Көп жылдан көрінбей көмескі тартқан келешектің ажарлы бейнесі енді барынша …

Толығырақ оқу »

Үздік тергеуші

Тергеуші мамандығы қашан да сауаттылық пен біліктілікті, төзімділік пен ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы оның ақ пен қарасын айырып, Қылмыстық кодекстің баптарына сүйене отырып, тергеу амалдарын жүргізеді. Адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымау кез келген адамның қолынан келе бермейді де. Кейбіреулерде білім-тәжірибесі кемдік етсе, кейде әділеттің ақ жолынан саналы түрде тайып жатады. Ал, әр істің артында адам тұр десек, …

Толығырақ оқу »

Төзімді тірек қылған тәртіп сақшысы

Шығыс Қазақстан облысына барған іссапарымда Өскемен қаласындағы «Қыран» экипаж тобының кезекті түнгі рейдінің куәсі болғаным бар еді. Ол туралы біздің басылымның таяудағы бір санында көлемді материал жарияланды. Журналист болған соң, барлығын қамтып кетуге тырысасың ғой. Мен де рейд кезінде құр уақыт жібермейін деп қатардағы полиция қызметкері, аға лейтенант Сергей Кимді әңгімеге тарттым.

Толығырақ оқу »

Тілім неге тілім-тілім?

Қазақ тілінің төрге озуына тікелей себепші болуы тиіс БАҚ өкілдері сөздің мағынасын түсінбей қолдану, тіл тазалығын сақтамау, орыс тілінің орамымен сөйлем құру сияқты қателіктерге бой алдырып жүргені жалған емес. Журналистерден бұрын, телеарнаның төрін бермей жүрген жұлдызсымақтар сөзді орашолақ қолданып, эфирде сөйлеу мәдениетін сақтамайтындарын былай қойғанда, көгілдір экранды сайқымазақтар алаңына айналдырды. Телеарна арқылы халық алдына шығып жүрген олардың мұрнына журналистиканың иісі де бармайтынын айтып жату артық.

Толығырақ оқу »

Олар – Отан үшін от кешкендер!

Ішкі істер органдары үшін Ұлы Жеңіс күнінің орны ерекше. Өйткені, қолына қару алып, Отан үшін от кешкен әкелеріміз бен аталарымыздың арасында соғыстан кейінгі өмірін осы саламен байланыстырғандар аз емес. Олардың Жеңіске әрі бейбіт өмірдегі тыныштықты сақтауға қосқан үлестері кейінгі ұрпақ үшін әрдайым үлгі. Сондықтан да ұлы мереке күні соғыс және тыл ардагерлерін құттықтап, құрметтеу жылдағы жақсы дәстүрге айналған.

Толығырақ оқу »