Күні бойынша: 11.05.2017

Елбасы Досаевты қабылдады

Елбасы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысына холдингтің жұмысы туралы есеп беріліп, оны бұдан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды.

Толығырақ оқу »

Жаһандық бастамаға жастардың қолдауы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун 2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында ұйымның аймақтық комиссияларына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен біріге отырып БҰҰ-ның жаһандық жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығын (UN Global Road Safety Week) өткізуге үндеу тастаған болатын. Өткен сенбі күні Астана қаласының оқушылары осы әлемдік бастамаға қолдау білдірді.

Толығырақ оқу »

Алғысқа бөленген ардагерлер

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД 2 мамыр – соғыс және ішкі істер органдарының ардагері милиция аға сержанты Джура Кобелевтің туған күні. Джура Кобелев солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері үшін нағыз аңыз адам деп айтуға болады. Ол 1917 жылы Өзбекстанда көп балалы шаруа отбасында дүниеге келген. Мерзімді әскери борышын кавалерист лауазымында өткерген. 1941 жылдың шілде айында майданға шақырылып, Сталинград түбіндегі қанды ұрыстарға қатысыпты. «Сталинград үшін қантөгіс жүріп жатты. Алайда, ешкім де берілмеді. Немістер шабуылдайды, …

Толығырақ оқу »

Қарт майдангердің ғибратты ғұмыры

Леонид Юзефович Гирш – Отан үшін от кешкен майдангер. Талай боздақтардың тағдырына айналған сұрапыл соғыс жылдары ерліктің отын маздатқан кеңес жауынгерлерінің батырлығы бүгінгі ұрпақ үшін – мақтаныш.

Толығырақ оқу »

«Жас құтқарушылар» жарысы

Мамырдың 4 күні құтқарушы қызметінің имиджін көтеру мақсатында, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің №5 МӨСБ-нің спорт кешенінде Сарыарқа ауданы оқушыларының қатысумен «Жас құтқарушы» жасағының өрт-құтқару спорты бойынша іріктеу жарыстары өтті.

Толығырақ оқу »