Күні бойынша: 10.05.2017

Ардагер жолы

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Төтенше жағдайлар органдары қазақстандық ардагерлер ұйымының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сағынбай Уәлиев пен Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жанат Смағұлов бастаған ТЖД Өрт сөндіру қызметі азаматтық қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері Тайынша қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының және өрт сөндіру қызметінің ардагері Петр Перфильевтің шаңырағына бас сұғып, сый-құрмет көрсетті.

Толығырақ оқу »

Ең үлкен сенім – Отан қорғаушыларда

7 мамыр мерекесінің еліміз үшін үлкен мәні бар. Әр халықтың ең қымбат байлығы – Отаны. Ол жұмыр жердегі сенің тәу етер бөлшегің. Қазақ бақытты халық. Өз елі, өз жері, мәртебесі мұхит асып, жер-жаһан таныған, абыройы асқақ Елбасы бар. Біз, тәубешіл халықпыз, тұғырлы Тәуелсіздігіміз үшін де әрдайым тәубе дейміз. Мәңгілікке бет бұрған мақсатымыз баянды болғай.

Толығырақ оқу »

Антына адал Әлихан

1994 жыл, 4 ақпан, түнгі сағат 23.00. Тура осы уақытта сол кездегі Ақмола қаласы Шығыс ІІБ-не белгісіз бұзақылардың қала тұрғынына қарсы қару қолданып, өміріне қауіп төндіргені жөнінде хабар келіп түскен еді. Кезекшілікте жүрген лейтенант Жанайдар Жирентаев, кезекшінің көмекшісі, старшина Әлихан Сүлейменов бастаған топ шақырту бойынша жедел атқа қонды.

Толығырақ оқу »

Абырой асқарындағы ардагер

«Қариялар азайып бара жатыр» демекші, арамыздағы Жеңіс қуанышын жақындатқан ардагер аталарымыздың қатары да күннен-күнге сиреп бара жатыр. Солардың бірі – соғыс ардагері Сүйеу Ығылманов.

Толығырақ оқу »

Жеңіс хабарын жеткізген жауынгер

Өскемен қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері 93 жастағы Құрмат Рахимовты білмейтіндер кемде-кем. Майдан жауынгері, ішкі қызмет полковнигі Құрмат Рахимұлының Шығыс Қазақстан облысында мәртебесі ерекше. Ол соғыстан кейін де бар ғұмырын Отанға адал қызмет етуге арнаған қазақтың асыл азаматтарының бірі. Бір ғана емес, бірнеше буынды тәрбиелеген тәлімгер. Өз өмірінен сыр шертер үш естелік кітаптың авторы.

Толығырақ оқу »

Айбынды атты патруль

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде елорда көшелерінен тыс, қалаға кіретін қақпалар да қадағалауға алынады. Астанаға алыс-жақын шетелдерден келетін қонақтардың қауіпсіздігі мен қала тәртібіне күш құрылымдары жұмылдырылатын болса, қала сырты аймағын атты полицейлер торуылдайды. «Тәртіп табалдырықтан басталады» деген, Астана қалалық ІІД Жол-патрульдік полициясы полкінің кавалериялық взводы қалаға кіреберіс тасжолдарға бекітіледі. Атты полицияның ауқымды көрмеге дайындықтарын көзбен көріп, қызметтің қыр-сырына қанық болу үшін ЖПП кавалериялық взводына арнайы ат басын бұрдық.

Толығырақ оқу »