Күні бойынша: 03.05.2017

Полицияның күші – халық сенімінде

«Азаматтар және полиция: сенімге негізделген өзара іс-қимыл». Министрлікте ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті қоғамдық тыңдауы осылай аталды. Қоғамдық тыңдауға Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Ерлан Тургумбаев, Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер ардагерлері республикалық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Қоғамов, сондай-ақ, бейнеконференциялық байланыс арқылы өңірлік ІІД басшылары қатысты.

Толығырақ оқу »

Тіл дамуының түйткілдері

Өткен жұма күні Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуовтың төрағалығымен Ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған бейнеселекторлық кеңес өтті. Шараға Алматы және Астана қалаларының, барлық облыстардың ІІД басшылары мен орынбасарлары және ІІМ оқу орындарының басшылығы тікелей байланыс желісінде қатысты.

Толығырақ оқу »

Өңір намысын қорғайды

Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай, Шығыс Қазақстанда үздік жол-патрульдік полициясы инспекторын анықтады. Байқауға облыстық Жергілікті полиция қызметінің саптық бөлімшелерінің 20 өкілі қатысқан болатын.

Толығырақ оқу »

Татулық – тұрақтылық кепілі

1 мамыр – Қазақстан аумағында тұратын барлық ұлттардың бірлігі мерекесіне айналды. Бұл жарқын көктем мерекесі Қазақстанның әр қаласында атап өтіледі, орталық қалаларының көшелерінде салтанатты шерулер, ойын-сауық кештері ұйымдастырылады.

Толығырақ оқу »

Бірлігі жарасқан полиция бөлімі

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданын мекендейтін 30 мың адамнан астам халықтың 37 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімі де – әртүрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп отырған берекелі мекеме.

Толығырақ оқу »

Ақпаратты дамыту – заман талабы

Ішкі істер органдары қызметінің бүгінгідей заманауи жағдайында қылмыстың алдын алу және қылмыстарды дер кезінде ашуға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу жұмыстарын жоспарлау мен оны ұтымды жүргізуде ақпараттық-аналитика қызметінің алар орны ерекше. Қажетті деректер банкін сапалы түрде толықтыру қолда бар деректер базасын тиімді қолдануға қол жеткізуге және орын алған кемшіліктерді жоюға айтарлықтай ықпал етеді. Жуырда Алматы облыстық Ішкі істер департаменті Ақпараттық-аналитикалық орталығы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ж. Тұрғанбековамен әңгімелескенімізде, ақпараттық-аналитикалық орталығы атқаратын …

Толығырақ оқу »

Талапкерге тәлім берген сақшы

Ішкі істер саласында тәлімгерлік деген ізгі дәстүр бар. Жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің басын қосып, слет өткізу – мәні терең, маңызы зор іс. Қарағанды облысы бойынша биыл Шахтинск қаласында өткен осындай жиында ішкі істер саласына саналы ғұмырын арнап, талай жас маманға тәлімгер болып жүрген тәжірибелі қызметкерлерді кездестірдік. Солардың бірі – Қарқаралы аудандық ІІБ бастығының кадр жөніндегі орынбасары, полиция майоры Серікбол Спанов.

Толығырақ оқу »