Күні бойынша: 18.04.2017

Елбасы Үкімет басшысын қабылдады

Елбасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру бағытында Үкіметтің атқарып жатқан жұмысы туралы есеп берілді, сондай-ақ, 2017 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы жөнінде мәлімет ұсынылды.

Толығырақ оқу »

Тасқынға қарсы тапсырма

Су тасқыны қаупінің артуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Павел Филиппов Тайынша ауданына іссапармен барып, аудан әкімі Ержан Иманісләммен бірге Краснополянский және Рошинский ауылдық округтарын, дәлірек айтқанда, Красная Поляна, Черниговка, Доброжановка мен Макашевка ауылдарын аралап шықты.

Толығырақ оқу »

Саптық байқау салтанаты

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 26 бұйрығына сәйкес, ішкі істер органдары астаналық гарнизондағы күзет қызметі бөліністерінің жеке құрамын жазғы киім нысанына көшіру, саптық дағдыларды жетілдіру, саптық жинақылықты қамтамасыз ету мақсатында Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда саптық байқау өтті.

Толығырақ оқу »

Әлемді алаңдатқан мәселе

Таяуда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі өкілеттілікке ие құзыретті орган басшыларының жетінші Кеңесі өтті. Кезекті Кеңес отырысына қатысушы тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі есірткі ахуалы, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, нашақорлыққа қарсы ведомстволардың өзара іс-қимылын нығайту мәселесін талқылады.

Толығырақ оқу »

Тәлім мен талап

Елімізде ІІМ-не қарасты бөліністерде тәлімгерлік слеттары жалғасын табуда. Бүгінде облыстар мен аудандардағы ішкі істер органдарында Тәлімгерлік кеңестері жұмыс істейді. Осы салаға былтыр қабылданған жас қызметкерлер мен оларға бекітілген тәлімгерлердің қатысуымен соңғы күндері бірқатар облыстарда слеттар өткен болатын.

Толығырақ оқу »

Түрмедегі теологиялық сауаттандыру: тәжірибе мен нәтиже

Дінді біз ұстараның жүзіндей өткір деп жатамыз. Расында солай. Діннің дұрыс бағытынан жаңылмай, имандылық соқпағынан табылып жатсаң, ол сенің жетістігің. Ал дін деп ойлап теріс ағымның ықпалына берілер болсаң, оның соңы өкінішті жағдайларға алып барарын күнделікті өмірден көріп жүрміз. Діннің шыңына шығамын деп, шыңырауына құлап жататындарға қарап, біз бұл мәселенің қоғамда әрдайым өзекті болатынын аңғарамыз.

Толығырақ оқу »