Күні бойынша: 13.04.2017

Әскердің әлеуеті артып келеді

Қазақстан Президенті Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Мемлекет басшысына Қорғаныс министрі еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы мен армия алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берді.

Толығырақ оқу »

Абақтыдағы адам құқығы

11 сәуірде Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша комитетінің мүшесі Котэ Варджелашвилимен, сондай-ақ, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі орталықтың директоры Патрик Матзенбергпен (Швейцария, Женева қаласы) кездесті.

Толығырақ оқу »

Тәлімгерлік – игі дәстүр

«Жас келсе – іске», – дейді қазақ. Өте орынды айтылған сөз. Оқуды кеше ғана аяқтап келген маманды еңбекке баулу, кәсіби шыңдау, сол ортаға бейімдеу қажет. Ол үшін жас қызметкерге тәлімі мол тәлімгерді бекітіп беру ішкі істер органдарында игі дәстүрге айналған үрдіс. Теориялық білім алып келген талапкерге тәлімгері өз тәжірибесімен бөлісіп, қызметтің қыр-сырын үйретумен қатар, қолдау көрсетіп, ынталандырып отыруы қажет. Сондай-ақ, жас қызметкерлердің ұжымға тез үйренуіне, бойына ұжымшылдық, отаншылдық, қызметтік борышына …

Толығырақ оқу »

Ломбард ұрланған заттар қоймасы емес

Дағдарыс дендеген уақытта ұрлықтың ушығуы заңдылық. Сонау тоқсаныншы жылдары халықты тоқырауға ұшыратқан тонау, ұрлық қылмысы бүгінгі күні жаңаша көрініс тапқаны болмаса, түп-тамырымен жойылып кете қойған жоқ. Заманның көшіне ілескен ұрылар қылмыс жасаудың небір қитұрқы түрлеріне баратын болған.

Толығырақ оқу »

Жігерлі маманның жетістігі

Қарағанды облысының Шет ауданы – соңғы 15-16 жылда екі аудан біріктіріліп, шаруашылықтары кіріктіріліп, еңсесін тіктеген аумақтық құрылым. Аймақтың мал, егін шаруашылықтарымен қоса, өндірісі де бой көтерген. Бұрынырақта атағынан ат үркетін Ақшатау кен-молибден комбинаты атышулы Одақтың есебінде бірінші орында болмаса да, көштің соңында емес еді.

Толығырақ оқу »

Патриоттық – погонда емес, жүректе

Тәуелсіздік таңы атқан шақта елімізде шешімін күткен мәселелер көп болды. Елдің қауіпсіздігі мен ішкі тәртібі, түзеу мекемелерін күзету мен аса маңызды нысандарды қорғау – мемлекетіміздің алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып тұрды. Әр өңірде қажетті полктар мен батальондар қайта құрылып, жасақталып әскери бөлімдердің орындары ауыстырылды.

Толығырақ оқу »

Тыңдаушылар арасындағы сайыс

Жақында ІІМ-нің Алматы қаласындағы оқу орталығының тыңдаушылары арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әскери пәндер және денешынықтыру дайындығы» циклының ұйымдастыруымен волейбол, баскетбол сайыстары өтті.

Толығырақ оқу »