Күні бойынша: 11.04.2017

Сабақтастық слеті

Өткен жұма күні Қарағанды облысының Шахтинск қаласында ішкі істер органдарының тәлімгерлері мен жас қызметкерлерінің облыстық VII слеті өтті. Шахтерлер қаласына облыстың әр аудан, әр қаласынан 100-ден астам полиция қызметкері жиналды.

Толығырақ оқу »

Қазақстан мен Қытай – сенімді серіктес

Өткен аптада Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі, Мемлекеттік кеңес мүшесі Го Шэнькунмен кездесті. ШЫҰ Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 12-кездесуі аясында өткен шараға ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй, Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің қызмет басшылары қатысты.

Толығырақ оқу »

Есірткіге қарсы күрестің екінші тынысы

Елордамыздағы «Рэдиссон» қонақ үйінде 6 сәуір күні БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Орталық Азия елдері үшін 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы Басшы комитетінің ІІ отырысы және Ауғанстан мен көрші елдерге арналған бағдарламасы Басшы комитетінің VІ отырысы өтті.

Толығырақ оқу »

Тағылымы ерек «Ерлік күні»

Еліміздің тарихында ерекше атаулы күндер бар. Олар зор мәнге ие. Солардың бірі – 7 сәуір. Дәл осы күні, 1995 жылы Қазақстанның Ішкі әскер жауынгерлері тәжік-ауған шекарасында айбынды ерлік, қайсарлық пен асқан батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен болатын. Мұздай қаруланған лаңкестермен кескілескен сол шайқаста 17 бауырымыз қаза болып, 34-і жарақат алды. Олардың ерліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу игі іс. Бұдан былай 7 сәуір Ұлттық ұланда жыл сайын «Ерлік күні» болып аталып өтіледі. Тәрбиелік бағыттағы …

Толығырақ оқу »

Сахна генералы

Қазақ халқы Нұрғалидай ұлымен мақтанады, Нұрғали күміс көмей әншісімен шаттанады. Ол сахна королі, сахна генералы. Ол салған ән жүрегіңе жетіп, ерекше қайталанбас сезім сыйлайды. Тебіренесің, әсем әнмен тербелесің, ұлтың үшін мақтаныш сезімі алаулайды. Осының барлығын сізге Нұрғали аға өзінің қайталанбас әншілік мақамымен жеткізеді. Талантқа, әннің құдіреті дегенге еріксіз бас ұрасыз.

Толығырақ оқу »

Чемпионның шеберлік сабағы

Динамолық спортшы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының спорт кешенінде студент жастар ортасында шеберлік сабағын өткізді.

Толығырақ оқу »

Тарихтан сыр шертер тағылым

Қазақ халқы ата-бабадан қалған салтты құрметтеп, келер ұрпаққа аманат етуді міндет санаған. Өткен күндер жадымыздан өшпейді, ол осы шақпен сабақтасып- жалғасып, сол күндерден сыр шертетін ескерткіштер, фотосуреттер, құнды заттар сынды рухани және материалдық құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған. Міне, аталған мұраларды лайықты қадірлеу мәдениеттіліктің деңгейін көрсетеді.

Толығырақ оқу »