Күні бойынша: 06.04.2017

Тілге деген тілектестік

Ұлттық ұлан ана тіліміздің дамуына үлес қосып, тілді насихаттауға арналған игі шараларды жиі ұйымдастырып келеді. Жыл сайын Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау өткізудің дәстүрге айналғандығы осының бір айғағы.

Толығырақ оқу »

Қамаудағылар құқы талқыланды

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен жақында ІІО-ның арнайы мекемелеріндегі қамаудағылар мен уақытша ұстау изоляторларындағы күдіктілер және айыпталушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталу жағдайын талқылау мақсатында мүдделі органдармен бірлескен дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ оқу »

Оңтайландырылған тіркеу порталы

Елордадағы қауіпсіздік пен қолайлылық – көкейкесті мәселе. Халықаралық ЭКСПО көрмесі жақындаған сайын оның маңызы бұрынғыдан да арта түскені даусыз. Осы мәселеге орай, «Гранд парк Есіл» қонақ үйінде Астана қаласы қонақ үйлерінің басшылары мен әкімшілері жиналып, басқосу барысында оларға визалық көші-қон порталын қолдану тәртібі түсіндірілді.

Толығырақ оқу »

Милиция генерал-майоры Өмірзақ БОЛСАМБЕКОВ: Өткенді қаралағаннан ештеңе ұтпаймыз

Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбековтің есімін естігенім болмаса, бетпе-бет көріп, әңгімелесіп көрмеп едім. Іске ширақ, бір сөздің адамы, әріптес ардагерлеріне қамқорлығы мол деген пікірлер жиі айтылады. Шынын айтсам, осындай әңгімелерден кейін ақсақалмен шүйіркелесуге ынтам артып жүрген. «Сабақты ине сәтімен» демекші, Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай ардагермен сұхбаттасудың сәті түсті.

Толығырақ оқу »

Жеделдік – жемісті жұмыс кепілі

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасы 2016 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі осы саланың үздігі деп танылды. Халық арасында бұл қызмет «112» нөмірі арқылы белгілі. Бүгінде қыстың қарлы бораны мен сарышұнақ аязы артта қалғанымен, көктемгі қар еріп, су тасқыны қаупінің артуына байланысты бұл басқарманың жұмыстары қайтадан қызу қарбаласқа көшкен. Біз Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасының жедел кезекшісі, азаматтық қорғау лейтенанты Бейбіт ЖАРЫЛҒАПОВПЕН сұхбаттасқан едік.

Толығырақ оқу »

Жалға беру заңды болуы тиіс

Астана қаласының Алматы аудандық ІІБ ЖПҚ қызметкерлері пәтер иелері кооперативтері қызметкерлерімен бірге күн сайын заңсыз пәтер жалдау фактісін анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізуде.

Толығырақ оқу »

Көлікке көрік берген шенді шебер

Жақында Жезқазған қаласына жолымыз түсті. Ондағы мақсат – осы бір мысты өңір мен оған қоңсы орналасқан Сәтбаев қаласындағы полицияның пәрменін көріп, тынбай жалғастырып жүрген еңбектерімен етене танысу еді. Бұл енді… алдағы уақыттың әңгімесі. Қазір айтпағымыз – сол сапар барысында жолыққан Жезқазған қалалық Ішкі істер басқармасындағы қарапайым ғана көлік жүргізушісінің ісмерлігі.

Толығырақ оқу »