Басқы бет / 2017 / Сәуір

Ай мұрағаты: Сәуір 2017

Полицейлердің гуманитарлық көмегі

Солтүстікқазақстандық полицейлер Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка селосында су тасқынының салдарын жоюға атсалысуда. Сондай-ақ, зардап шеккендерге Ішкі істер департаментінен гуманитарлық көмек тиелген «Газель» автокөлігі жөнелтілді.

Толығырақ оқу »

Тіл білудің тиімділігі көп

Ақмола облыстық ІІД қарасты бөліністерде бүгінгі күні 3 мыңнан астам тәртіп сақшысы қызмет етеді. Олардың мемелекеттік тілді оқып-үйренулеріне барлық жағадай жасалған. Жеке құрам депратамент іргесінде орналасқан арнайы жабдықталған қазақ тілі кабинетінде сабақ алады.

Толығырақ оқу »

Аға буынға айтылған алғыс

Қазақстанның ардагерлер қозғалысының құрылғанына 30 жыл толуына байланысты, сондай-ақ, Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдары ардагерлері, тыл еңбеккерлері қатысқан іс-шара өтті.

Толығырақ оқу »

Үмітті ақтаған үздіктер

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері арасында «Үздік маман» байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің білік-білімдерін, дағдыларын, кәсіби шеберліктерін жетілдіру, түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін бағамдау болып табылады.

Толығырақ оқу »

Азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан МАДЬЯРОВ: Төтенше жағдайлар толық бақылауда

Шығыс Қазақстан облысында техногендік және табиғи төтенше жағдайлардың кез келген түрі кездеседі. Далалық аумақтардағы орман өрттері, таулы жерлердегі мұздықтардың еруі, қар көшкіні, сең, сел жүру, шатқалдардағы тас көшкіні, тіпті, зілзала да болып жатады. Ал өңірде төрт су-электр стансасы, энергетика кешендері, Өскемен титан-магний комбинаты, «Қазақмыстың» фабрикалары мен зауыттары, Қорғасын-мырыш комбинаты, «Азия авто» автопромы және тағы да басқа ірі өндіріс орындары барын ескерсек, техногендік төтенше жағдайлардың тізімін ойша елестете беруге болады. Осы …

Толығырақ оқу »

Бюджет саласының сақшылары

Таяуда ІІМ Ішкі аудит департаментінің құрылған күні аталып өтті. Жалпы тоқталып өтсек, бұған дейінгі ІІМ Бақылау-ревизиялық бөлімшесі өз жұмысын 1936 жылы бастаған болатын. Сол сәтте Қазақ КСР Халық Комиссары Кеңесінің 15 сәуірдегі Қаулысымен барлық халық комиссариатына және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің басқа орталық мекемелеріне, Кеңес және дербес республикалардың халық комиссарлары кеңесіне, өлкелік және облыстық атқару комитеттеріне қаржылық бақылауды белгілеу және барлық соған қарасты мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылық ұйымдар мен құрылыстарда құжаттық …

Толығырақ оқу »

Полиция подполковнигі Қанат ДҮМШЕБАЕВ: Тергеушілік – инемен құдық қазғандай

2015 жылы ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында болған БАҚ беттерінде «қазақтар мен тәжіктер арасындағы араздық» деп сипатталған дүрбелең көпшіліктің есінде шығар. Сондай-ақ, 2016 жылы қазан айында елордамызда Медицина академиясының үздік студенті Ерасыл Әубәкіровтің қастандықпен өлтірілуі де қоғамды дүр сілкіндірді. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тиянақты жұмысының нәтижесінде осы екі оқиға да жан-жақты зерттеліп, істің ақ-қарасы анықталып, кінәлілер тиісті жазасын алған болатын.

Толығырақ оқу »

Шындықты шырқаған Шынболат

Сарыарқаның кіндік тұсындағы кеншілер қаласы Сәтбаевтың ең бір көрнекті тұсы – Қаныш алаңында маңдайын кіре-беріске беріп менмұндалап Мәдениет үйі тұр. Бұрын, 1974 жылы ашылғанда «Байқоңыр кинотеатры» деп аталған ғимарат кейін Шынболат Ділдебаев атындағы мәдениет сарайы деген атау алды. Оның қисыны жоқ емес. Осы өнер ордасына таянғанда көңілімнің алабұртып, жүрегімнің аттай тулайтыны бар. Әйтеуір, ішіне еніп бір аралап шықпайынша көңілім байыз таппайды.

Толығырақ оқу »