Басқы бет / 2017 / Наурыз

Ай мұрағаты: Наурыз 2017

Жұқарған мұзда жүру қауіпті

Көктемгі жылы ауа райының келуімен өзен-көлдердегі мұз үстімен жүру адам өміріне қауіпті бола түсуде. Бұл, әсіресе, жол қысқарту мақсатында көлікпен мұздан өтетіндер және мұз астынан балық аулайтындар үшін аса қатерлі. Осыған орай, Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы өзен-көлдердің жағалауларын тәулік бойы күзетіп, қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшкен.

Толығырақ оқу »

Жамбылдағы алқалы жиын

Жыл соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының барлық ауылдарында бейнебақылау жүйесі орнатылмақ. Бұл туралы қоғамдық тәртіпті қадағалап, қылмыстардың алдын алуды мұрат еткен сараптау тобының кезекті отырысында айтылды.

Толығырақ оқу »

Қырағы курсанттар

Жуырда Ішкі істер министрлігінің Алматы Академиясының үш тыңдаушысы Алматы қаласының Достық көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөліктің терезесін сындырып, көлік ішіндегі сөмкені ұрлап, қашып бара жатқан ұрыларды ұстады.

Толығырақ оқу »

Өрлік пен ерліктің үлгісі

Таяуда Тараз қаласындағы Абай көшесі, №192 үйдің 3-қабаты өртке оранған болатын. Лапылдап жанған өрттен үйдің подъезі қою қара түтінге толады. Бұл кезде 5-қабатта тұратын Зарина Дутбаева есімді тұрғын екі кішкентай баласымен тілсіз жаудың тұтқынында қалып, дереу өрт сөндірушілерге телефон шалады. Абырой болғанда, құтқару қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында адам шығыны орын алмай, өрт дер кезінде ауыздықталды.

Толығырақ оқу »

Азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ: Тасқынға дайындық жыл бойы жүреді

Биылғы қыс еліміздің солтүстік аумақтарында қардың жылдағыдан көп түсуімен ерекшеленді. Мұндай көп қарды соңғы оншақты жыл көлемінде көрмеген тұрғындар көктемгі қар еру маусымы қандай «тосын сыйын» ұсынар екен деп алаңдаулы. Әсіресе, осыдан екі жыл бұрын алапат тасқыннан қатты зардап шеккен Қарағанды халқының көкейінде сұрақ көп. Біз осы облысқа барған іссапарымыз кезінде жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим КҮЛШІМБАЕВПЕН сұхбаттасып, көктемгі табиғи апаттардың алдын алу бойынша қандай жұмыстар …

Толығырақ оқу »

Ақжайықтың ақын қызы

Шіркін, Ақжайық қазаққа кімді бермеді дейсің?! Ханды да, биді де, батырды да, шайырды да, ғалымды да, жазушыны да сом алтындай ғып сыйлай салған қасиетті өңір ғой ол. Олардың әрқайсысының қазақ қоғамының дамуындағы орны ерек екені даусыз. Өлеңдері көбіне патриоттық лирика жанрына жақын келетіні Ақжайық ақындарын өзгелерден ерекшелеп тұратыны рас.

Толығырақ оқу »

Жалындап өткен жиырма бес

Небәрі 25 жасында өшпес ерлік көрсетіп, бейбіт өмірде өз өмірін қиып, ел азаматын қорғап қалған жас каhарман, II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, бауырым, полиция лейтенанты Талғат Есентайұлы Қозыбаев туралы бір үзік сыр Ерлік, батырлық, қаhармандық – бұлар бір-бірімен егіз ұғымдар. Жалпы ерлік көрсету көкірегінде намысы бар әрбір адамға, оның жасына, қызметіне, жынысына қарамай міндет дегенімізбен, ол әрбір адамның қолынан келе бермейтін іс.

Толығырақ оқу »