Жаңалықтар

Елбасы Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаршы

Ынтымағы жарасқан

Қазақ жері – кең құшақты айқара ашқан, жайдары жүзімен нұрын шашқан, бауырластарына ыстық ықыластары мен пейілдерін төккен мекен. 130-дан астам ұлт пен ұлт өкілдері мекендеген Қазақстан жеріндегі бұл бауырластықты Елбасы бен әрбір азамат жақсы сезінеді.

Жаршы

Халық айтса, қалып айтпайды.

Жергілікті полиция қызметі Қарағанды облысында жұмысын белсенді бастады. Облыстағы жаңа қызметтің жаңа басшысы полиция полковнигі Жалғасбай Жақаев Қарағандыдағы Теміржол-Сұрыптау ауданында халықпен кездесіп, әр адамның талабы мен тілегі, өкпесі мен өтініші жерде қалмайтынын айтты.

Жаршы

«Борышкер» жалтара алмайды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері сот орындаушыларымен бірлесіп «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі аясында жұмыстар жүргізуде.

Жаршы

Түрме реформасы: жаһандық трендтер

23 ақпан күні Қазмедиа орталығында ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет полковнигі Азамат Базылбеков, Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) халықаралық өкілдігінің өңірлік директоры Азамат Шамбилов және Молдова Республикасы пробация қызметінің […]

Қызмет

Халыққа жақын жергілікті полиция

Жаңа 2016 жыл өңірлерде жергілікті полиция қызметін жүйеге енгізумен басталды. Бұрын тек тікелей Ішкі істер министрлігі мен облыстардағы Ішкі істер департаменттеріне ғана бағынған әкімшілік полиция қызметі –жергілікті, яғни, муниципалды полиция қызметі болып түрленіп, облыстардағы әкімдіктердің […]

Қызмет

Құлбаевтар әулеті

Еуразияның Ұлы даласын тұлпар тұяғымен дүбірлеткен баһадүр бабаларымыздың соғыс тәжірибесін әлем елдерінің қарулы күштері мойындады. Әскери жүйесін сол тәсілмен жасақтады. Содан бері Қазақстанның қарулы күштерінің әскери даңқы тарихта қалды. Жауынгерліктің өнегесі өлшеусіз рөл атқарды. Бүгінде, […]

Жаршы

Қаңғыбастар мен қайыршылар

Қаңғыбастық пен қайыршылыққа қатысты жаза қатаңдатылса да олардың саны неге азаймайды? Ішіп-жемін қоқыс жәшігінен табатындар мен көшеде қол жаятындар кімдер? Қала көркін бұзған қайыршылар мен қаңғыбастар қайда барады?

Спорт

Қос жүлделі қос сақшы

20 ақпан күні Минск қаласында (Белоруссия) самбо бойынша Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті. Белоруссия Республикасы Президентінің «А» санаттағы жүлдесі үшін ұйымдастырылған халықаралық турнирге әлемнің түрлі елдерінен ең мықты деген үздік спортшылар қатысты.