Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қызмет (бет 30)

Қызмет

Қылмыстық топ құрықталды

Алматы қалалық ІІД қызметкерлерінің ұзақ уақыт жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында интернет желісі арқылы есірткі таратқан ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы кеше ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментінің бастығы, әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов брифингте мәлімдеді.

Толығырақ оқу »

Орны бөлек орталық

ІІМ Кадр жұмысы департаментінің жұмыс жүргізу жоспарының бір парасы – ұжымның ауызбірлігін арттыру мақсатындағы корпоративтік рухты арттыруға бағытталған жұмыстар. Осы мақсатта департамент тарапынан көптеген шаралар өткізіліп келеді. Соның бірі – өткен аптада ІІМ орталық аппарат қызметкерлерінің «Назарбаев орталығына» жасаған экскурсиясы.

Толығырақ оқу »

Кинологтардың кәсіби біліктілігі

Астана қаласы теміржол вокзалында Австрия ІІМ Кинология орталығының бастығы Йозеф Шутценхофердің басшылығымен кинолог-мамандардың қызметтік іздестіру иттерін пайдаланып, жарылғыш заттарды іздестіруі бойынша тәжірибелік сабақ өтті.

Толығырақ оқу »

Тыныштық пен тұрақтылық туы төмендемесін немесе Азамат Амангелдінің тілегі

Биыл Қазақ елінің асқары, қазақтың бар бақыты – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы. Толайым табыс, көз қуанар, жүрек мейірленер сәт. Осы жылдары еліміз ғасырларға жүк болар жолды, тау-тау еңбекті еңсерді. Тәуелсіздік жылдары ашылған, жүзеге асқан жаңа істер – Тәуелсіздікпен келген игілік, ел еңсесін биіктете түсер халқымыздың ортақ байлығы, Мәңгілік елге бастама болар құнды негіздемелер.

Толығырақ оқу »

Еңбекпен түзеудің ерекшелігі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының әрбіріне әкелік қамқорлық көрсетіп келеді. Бізде бөтен адам болмауы тиіс. Тіпті, сотталғандардың өзіне саналы түрде көмек көрсетілуі керек. Бұл Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы бес институттық реформасында және Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрініс тапты. Осы құжаттарда сотталғандарды ақылы еңбекпен қамту мәселесі көтерілді және сөз жүзінде қалып қоймай, осыдан екі жыл бұрын елімізде «Колониялардағыларды жұмыспен …

Толығырақ оқу »

Үмітті күндер айшығы

Ашық есік күні шарасы – сотталғандар асыға күтетін мереке. Бұл мереке күні тек түзеу мекемесіндегі режимді бұзбай, өзін белсенді жағынан танытқан жазалылар ғана жақындарымен жүздесуге рұқсат алады. Туыстарымен бір сәттік кездесуді аңсаған олар ішкі режимнің талабын бұлжытпай орындауға тырысады.

Толығырақ оқу »

Ауған ардагерлерінің алғысы

Конституция күніне орай қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Тараздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінде «Ата Заңым – Айбыным!» атты әскери-спорттық шара өткізді.

Толығырақ оқу »

Полиция майоры Дәурен ИМАНБАЕВ: Тәртіп адалдық пен батылдықты тәрбиелейді

Қазақстан жиырма бес жыл ішінде қандай жетістіктерге жетті, қандай өзгерістер болды дегенге көп терлеп, ауыз шаршатудың қажеті шамалы. Осындай сұрақ берген адамға Қазақ елінің елордасы – Астананы көрсетсе де жетіп жатыр. Алатау мен Алтай арасын жалғаған Сарыарқа төсіне көп қабатты күмбезді үйлері көкке ұмтылған елордамыз бой көтерді. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына әр азамат, әрбір маман иесі өз үлесін қосты. Мұғалім бала оқытты, тракторшы егін екті, құрылысшы үй салды, дәрігер ауруды …

Толығырақ оқу »

Тәрбиешілермен өткен тағылымды жиын

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің базасында өткен аптада өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшелерінің (топтарының) бастықтарымен және жүйелес батальон командирлерінің, сонымен қатар арнайы комендатуралар коменданттарының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өткізді.

Толығырақ оқу »