Қызмет

«Сандық ұрпақ» сақтықты біле ме?

Жуырда Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебінде ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Актөбе заң институтының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және «Балаларды және олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттық және телекоммуникациялық желілер арқылы таратылатын ақпараттардан қорғаудың құқықтық кепілдігі» атты ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында «Балалар және қауіпсіз интернет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Толығырақ оқу »

Салаға саналы ғұмырын арнағандар

Жуырда Жалағаш аудандық Ішкі істер бөлімінде еңбек етіп, бар ғұмырын халықтың тыныштығын қорғауға арнап, қоғамдық тәртіпті қас қақпай күзеткен, қылмыстың алдын алуда уақытпен санаспай қызмет етіп, елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктің жоғары үлгісін көрсеткен бірқатар азаматты әріптестері құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Толығырақ оқу »

Жаз маусымына дайындық мол

Целиноград ауданын жағрапиялық орналасуына қарап Ақмола облысының ең шет ауданы деп айтуға ауыз бармайды. Өйткені, ол ел жүрегі – Астананың дәл іргесінде, оны айнала қаусыра орналасқан. Аудан орталығы Ақмол кентінің өзі бас қаладан отыз бес-ақ шақырым жерде. Сол себептен де болар, мұндағылар облыс орталығы Көкшетаудан гөрі, елордаға көбірек телміреді. Өйткені, төтенше жағдай бола қалса, сырттан жететін көмек ең бірінші Астанадан келеді.

Толығырақ оқу »

Тергеуші болу да – тектіліктен

Тергеу қызметінің ең ауыр жүгі – ар алдындағы адалдық. Осындай ауыр жұмыстың жүгін арқалаған тергеушінің әр күні ғана емес, әр сағатының өзі қым-қуыт оқиғамен өріліп жатады. Ал, полиция қызметінде тергеушілік ісіне ғұмырын арнаған жеке адамдардан бөлек, тұтастай бір әулеттер де аз емес. Бүгінгі мақаламыз маңызды қызметтің жүгін абыроймен арқалап жүрген тергеушілер – әкесі және ұлына арналмақ.

Толығырақ оқу »

Абыройы асқақ сақшылар әулеті

Ішкі істер органдарында қызмет етіп жатқан отбасылық династиялар аз емес. Бұл әулеттер тамырын ішкі істер органдарымен сабақтастыра жайған үлкен бір бәйтерек секілді. Солардың бірі – Түркістан қаласында тұратын Тұрсымановтар әулеті. Бұл әулеттің үшінші ұрпағы бүгінде ІІО-да абыройлы қызмет етуде.

Толығырақ оқу »

Ардагердің ақ батасы

Дария кеуде, тау мүсін, Отаны үшін от кешкен соғыс ардагерлерін құрметтеу – баршамыздың парызымыз. Қан майданда жауға қасқая қарсы тұрған ардагерлер қатары жылдан-жылға сиреп барады. Отан алдындағы міндетін қалтқысыз орындаған сол жауынгерлердің бірі – Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылының тұрғыны, 93 жастағы Иван Ковалев.

Толығырақ оқу »

Суицид – саналы қоғамға жат

11 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник А. Ахметжановтың төрағалығымен азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы суицидтің профилактикасы бойынша жиналыс өтті.

Толығырақ оқу »

Аудандық бекеттің ауқымды қызметі

Елімізде төтенше жағдайлар саласының көзге көрінбейтін күнделікті атқарып жатқан жұмысы қыруар. Олар халықтың қауіпсіздігіне өз үлестерін қосуда. Жуырда Ақмола облысы Целиноград ауданына сапарымыз барысында №22 Өрт сөндіру бөлімінің қызметімен танысып қайтқан болатынбыз.

Толығырақ оқу »