Өзекті

Жылуы мол «Шарапат» қилы тағдырлы қарияларға пана болды

«Ат қартайса – ұрыншақ, ер қартайса – жаңылшақ», «Қарт кісіні қадірле, өзің де қарт боларсың» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Қазақ өз ұрпағын «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» қағидасымен тәрбиелеп өсірсе де, бүгінде қартайған ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайтындар жиі кездесетін болды. Біз қарттарымыздың хал-жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін білу мақсатында елордамыздағы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шарапат» қызмет көрсету орталығының басшысы Кенжеболат Бәпішевпен сұхбаттасқан едік.

Толығырақ оқу »

Наша шегіп, нақұрыстану не теңің?..

Біз биыл Астанадағы Алматы аудандық ІІБ учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрдәулет Қыдырбайұлымен сұхбаттасқанымызда, ол өздеріне қарасты учаскеден нашақорларды ұстайтын сәттер де болып тұратынын жасырмаған еді. Сол сияқты, тәртіп сақшыларының кез келгенінен сұрасаң, қалада наша шегіп, нақұрыстанып жүргендердің біразын жіпке тізгендей етіп көлденең тарта алар…

Толығырақ оқу »

Тілім неге тілім-тілім?

Қазақ тілінің төрге озуына тікелей себепші болуы тиіс БАҚ өкілдері сөздің мағынасын түсінбей қолдану, тіл тазалығын сақтамау, орыс тілінің орамымен сөйлем құру сияқты қателіктерге бой алдырып жүргені жалған емес. Журналистерден бұрын, телеарнаның төрін бермей жүрген жұлдызсымақтар сөзді орашолақ қолданып, эфирде сөйлеу мәдениетін сақтамайтындарын былай қойғанда, көгілдір экранды сайқымазақтар алаңына айналдырды. Телеарна арқылы халық алдына шығып жүрген олардың мұрнына журналистиканың иісі де бармайтынын айтып жату артық.

Толығырақ оқу »

Түрмедегі теологиялық сауаттандыру: тәжірибе мен нәтиже

Дінді біз ұстараның жүзіндей өткір деп жатамыз. Расында солай. Діннің дұрыс бағытынан жаңылмай, имандылық соқпағынан табылып жатсаң, ол сенің жетістігің. Ал дін деп ойлап теріс ағымның ықпалына берілер болсаң, оның соңы өкінішті жағдайларға алып барарын күнделікті өмірден көріп жүрміз. Діннің шыңына шығамын деп, шыңырауына құлап жататындарға қарап, біз бұл мәселенің қоғамда әрдайым өзекті болатынын аңғарамыз.

Толығырақ оқу »

Көлік кептелісін қалай шешеміз?

Көше толы көлік. Қарбалас шақтағы кептеліс. Азан-қазан. У-шу. Бұл көріністің өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналғалы қашан?! Кейде тіпті Астана қаласында көлік қозғалысы таңғы төрт-беске дейін саябырсымай жатады. Әсіресе, Тұран, Қабанбай батыр, Республика, Бөгенбай батыр, Абай даңғылдары мен Кенесары, Сейфуллин, Уәлиханов көшелері – ең түйіткілді тұстар. Бұл тұрғындардың басын ауыртып қана қойып отырған жоқ, жергілікті биліктің де бас ауруына айналды.

Толығырақ оқу »

Шаңырақ шырағын сөндірмеген «Ана үйі»

«Оң босағада отырып бала тапқан», «алданып қалған», «тастанды бала», «безбүйрек ана», «тірі жетім». Көнгіміз келмесе де қазіргі қоғам көрінісінен көп кездесер тіркестер бұлар. Бұрын жесірін жатқа бермеген, жетімін жылатпаған қазақ болсақ бүгін барлығы керісінше. Қазір жетімі жылап тұрса да, ешкім оның басынан сипамайды, ал әйелі жесір болып қалса, ешкім қамқорлығына алмайды. Керісінше тезірек құтылуға асығатындар бар.

Толығырақ оқу »

Тозған үй түбімізге жетпесін

Жаңа жылдың алғашқы күнінде орын алған Шахандағы трагедия бір Қарағандының басындағы қайғы емес, себебі діңгегі қопсыған, қабырғасы сөгілудің алдында тұрған көпқабатты үйлер еліміздің әр өңірінен табылады. Тіпті, «Шахан» трагедиясы еліміздің әр өңірінде қайталануы мүмкін деген әңгіменің шеті қылтияды бүгінде.

Толығырақ оқу »