Басқы бет / «Сақшы» газеті / Аймақ айшығы (бет 3)

Аймақ айшығы

Арыс ардагерлерінің абыройы асқақ

Алаулаған жастық жалынын ел тыныштығына арнаған, бүгінде зейнетке шығып, өмірлік тәжірибесін ізбасарларына үлгі етіп жүрген арыстық милиция ардагерлері аз емес. Алпысқа жуық қазыналы қарттардың басын қосқан ардагерлерінің ұйымы қазіргі таңда айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.

Толығырақ оқу »

Кинология қызметінің қыр-сырына қанықты

«Отбасының шығармашылық күні» жобасы аясында Талдықорған қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Алматы облыстық ІІД-нің Кинологиялық қызмет орталығына барып, саланың өзіне тән ерекшеліктерімен етене танысты.

Толығырақ оқу »

Жаңа қызметтің бір жылдық жұмысы

Батыс Қазақстан облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы тұрғындармен кездесіп, Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында аймақта құрылған жаңа қызметтің атқарған жұмыстары туралы халыққа есеп берді.

Толығырақ оқу »

Ұрлық ұшпаққа шығармайды немесе өзгенің мүлкіне қол салу неге азаймай тұр?

Қол сұғанақтығы бар адам заңның да, Құдайдың да алдында мәртебеге ие болмасын білсе де, елімізде қылмыстың осы бір түрін кәсіпке айналдырып, жан баққысы келетіндердің көбейіп кеткені ащы да болса шындық. Елордамызды былай қойғанда, астананы айналдыра жапсарлай қоныстанған елді мекендерде бүгінгі таңда ұрлық-қарлық асқынып тұр. «Әсіресе, соңғы бір-екі жылда дағдарыс дендеп енгеннен бері ауыл арасында үй тонаушылар көбейіп, бұрынғы мамыражай тірліктен береке кетті» дейді жергілікті тұрғындар.

Толығырақ оқу »

Тыныштық күзетіндегі 25 жыл

Еліміз егемендігін жариялағаннан кейін Қазақстан Қарулы Күштерінің ішінде алғаш болып құрылған Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарында 25 жылдық төл мереке аталып өтті. Ширек ғасыр бойы бұрынғы Ішкі әскер, қазіргі Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Отан алдындағы міндеттерін атқаруда сенімге селкеу түсірген емес. Ұлттық ұлан атқаратын барлық тапсырмалар жауынгерлік сипатқа ие. Жылдар бойына Ұлттық ұланда Отанға адалдық, оны қорғауға әрқашан дайын болу, жоғары жауынгерлік әзірлік, әскери антқа адалдық, қырағылық, сатылмаушылық, жауынгерлік шеберлікті үнемі …

Толығырақ оқу »

Тауық жылы табысты жыл болсын!

Қазақ үшін жылдың жаманы жоқ. Әр жылдан жақсылық күтіп, Жаңа жылмен бірге береке мен игілік ілесе келсе екен дейтін үмітімізді үкілейтін халықпыз. Кеше ғана шығарып салған мешін жылымен бірге келген жақсылықтар тауық жылында да жалғасын тапсын деген тілекпен Жаңа жылды отшашулатып қарсы алдық. Бірақ көңіл түкпірінде атойлаған жақсылықтармен бірге тауық жылында қазақ тарихының қаралы парақтарына айналған қиыншылықтар да қылаң беріп қалды.

Толығырақ оқу »

Тәртіпке бағыну – баршаға ортақ талап

Еліміз егемендігін жариялаған күннен бастап-ақ мемлекеттік құрылымдық күш салалары да бірге дами бастады. Республиканың түкпір-түкпірінде арнайы кәсіби маман даярлау институттары құрылды. Әр саланың өзіндік кәсіби маманын даярлауға барынша қолдау көрсетілді. Солардың алғашқылары болып құқық қорғау саласында тұңғыш Қазақстан полициясын жасақтаған бірден-бір оқу орны – ІІМ Алматы Академиясының аты аталды. Бүгінде 60 жылдық тарихы бар аталмыш оқу орны жылына мыңнан аса түлекті бауырынан баптап ұшырады.

Толығырақ оқу »

Шапағаты мол шаңырақ

Ежелден «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген халқымыз өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, ұл-қыздарына тәлім мен тәрбиені ұштастыра отырып, елдік қасиеттерді бойына сіңіріп өсірген. Отбасында осындай ақылшы әке болып, еңбекте ел алғысын арқалап, бүкіл саналы ғұмырын елге қызмет етуге арнаған Қыдырбай ақсақал Аубакиров пен Тұрсын апа Таубайқызының отбасы халқымыздың талай игі-жайсаңдары ат тоқтатқан құтты қоныс болған.

Толығырақ оқу »