Басқы бет / «Сақшы» газеті / Қоғам және заң (бет 10)

Қоғам және заң

Көліктегі тәртіптің маңызы мол

Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызмет көрсету аумағында «Көліктегі тәртіп» кең көлемді акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты – темір жол көлігі объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу.

Толығырақ оқу »

Ірі мегаполистегі ауқымды істер

Алматы қалалық ІІД базасында Консультативтік-кеңестік органның кезекті отырысы өтті. Кеңес барысында Алматы полициясының жедел қызметтері мен бөлімшелерінің, Жергілікті полиция қызметінің өткен жылғы іс-әрекеттерінің қорытындылары, сондай-ақ, этикалық нормаларды бұзуға жол берген полиция қызметкерлері тарапынан орын алған құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы мәселелері талқыланды.

Толығырақ оқу »

Психлогиялық көмектің бірінші қадамы

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты АП-162/2 мекемесінде сотталғандарға жазасын өтеудің алғашқы күнінен бастап психлогиялық және моральдік көмек көрсетіледі. Себебі, қоғамнан оқшауланған азамат, ең алдымен психологиялық күйзеліске ұшырайды. Біреулері өздерін тастанды сезініп, қоғамға ызалы болады, ал екіншілері, жаңа туындаған жағдайларда өз өздерін жоғалтып алуы мүмкін.

Толығырақ оқу »

Талқыға түскен тақырып – пенитенциарлық пробация

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Пробация туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мақсатында «Сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны одан әрі енгізу және де оларды іске асыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Толығырақ оқу »

Ғасыр індетінен қалай қорғанамыз?

Нашақорлық пен есірткі бизнесі – ғасырымыздың қауіпті дерттерінің бірі. Біреулер есірткі таратып, байлыққа белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Жастарды есірткінің құрығынан қалай құтқарамыз? Не істеу керек? Ел ішінде нашақорлар санын қайтсек азайтамыз?

Толығырақ оқу »

Темір тордағы тамаша той

Түрме – сан қилы тағдырлардың тоғысқан жері. Не дегенде де, мұнда жатқандар «қолымен істегендерін мойындарымен көтеріп», жасаған қылмыстарына сай жазасын өтеп жатқандар. «Қылмыстың өтеуі – жаза» дейтін болсақ, Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/8 қатаң режимдегі түзеу мекемесі облыстағы бірден-бір қауіпті қылмыскерлердің жаза өтейтін орны.

Толығырақ оқу »

Көрме аумағы қырағы бақылауда

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне алыс-жақын шетелдерден келетін қонақтардың қауіпсіздігі мен қала тыныштығын қамтамасыз ету еліміздің күш құрылымдарына жүктеліп отыр. Көрме өтетін аралықта қаладан тыс көрме аумағында да құқықтық тәртіптің орнауын қадағалау күшейтіледі. Осы мақсатта ЭКСПО xалықаралық көрмесі аумағында ашылған Астана қалалық ІІД Есіл аудандық Ішкі істер басқармасының полиция бөлімі өз жұмысын бастады.

Толығырақ оқу »

Пробация – қамқорлық көрінісі

Қылмыстық атқару жүйесіндегі пробация дегеніміз не? Пробациялық қызметтің мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттердің орындалуын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты және бас бостандығын шектеу түрінде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады.

Толығырақ оқу »

Сотты сыйлау заң үстемдігін құрметтеу деген сөз

Сот билігінің адамзат тарихындағы түрлі формациялар, қоғамдастықтар мен өркениеттер тарихында алар орны ерекше. Ол әр тайпа немесе халықтардың қауымдық құрылысында түрлі сипатта көрініс тауып келгенімен, атқарар рөлі мен маңыздылығы бойынша өзектілігін ешқашан жойған емес. Тараптар түйісер мүдделер тоғысында жоғары реттеушілік күшке ие билік институтының осы түрі ел азаматтары арасында әрқашан да биік мәртебеге ие.

Толығырақ оқу »

Құс етіне қарық боламыз ба?

Төрт түлік малдың ішінде қой мен жылқы етін ерекше қастерлеген қазақ бүгінде құс етін де жатырқамайтын болды. Жатырқамайды деп жұмсартып айтқанымыз, шындығында соңғы уақытта құс етіне елімізде сұраныс жоғарылаған. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда, елімізде құс еті нарығының көлемі 305 мың тоннаға бағаланса, соның 54 пайызы шеттен келетін өнім екен. Бұйыртса, Ақмола облысына қарасты Макинка қаласындағы құс фабрикасы іске қосылғанда, Астана нарығына жылына 60 мың тонна құс еті жеткізіледі.

Толығырақ оқу »