102

Бес қылмыстық топ мал ұрлығымен айналысқан

ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 26-28 қаңтар күндері аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің қызметкерлері мал ұрлығын болдырмау және қылмыстың осы түрін дер кезінде ашу мақсатында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасын өткізді.

Толығырақ оқу »

Ауыл әкімі мас күйінде ұсталды

Ақтауда Өмірзақ ауылының әкімі көлік рөлінде мас күйінде ұсталды. Оқиға 1 ақпан күні кешкі мезгілде Ақтау қаласының орталығында орын алды. Көлікті мас күйде басқарған шенеунік жол-патруль полициясы инспекторларының «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел алдын алу шарасы аясындағы рейді кезінде ұсталды.

Толығырақ оқу »

Банктердің атын жамылған «хакер»

Еліміздегі банктердің бірінің әкімшілігі тәртіп сақшыларына белгісіз біреу интернет желісін пайдаланушыларға қаржы институттарының атынан жаппай хабарлама жібергендігін айтып арызданған. Өз хатында қаскөй ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін белгілі бір кестені толтыру керектігін көрсеткен. Сол арқылы ол банк карточкаларын пайдаланатын қазақстандықтардың жасырын коды мен парольдерін анықтаған.

Толығырақ оқу »

Балық өнімдерін заңсыз тасымалдаған

Батыс Қазақстан облыстық ІІД табиғатты қорғау полициясы экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және олардың жолын кесу бойынша алдын алу іс-шараларын ұдайы жүргізуде.

Толығырақ оқу »

Папкасы жоқ «прокурор»

Жалпы, прокурорларға папка ұстап жүру шарт емес. Алайда, қолында папкасы жоқ прокурорды елестету де қиын. Өйткені, олар қай жерде де құжатпен жүреді. Осы құжаттарды ыңғайлы алып жүру үшін папка керек. Папка болғанда да анау-мынау емес, қымбаттырағы жарасады енді.

Толығырақ оқу »

Мазасыз жеті күн

Жамбыл өңірінде соңғы бір апта ішінде, нақтырақ айтсақ, 12-18 қаңтар аралығында 169 қылмыс тіркелген. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуі, сондай-ақ, жәбірленушілердің құзырлы органдарға дер кезінде ақпарат беруінің арқасында бұл заңсыздықтардың барлығы әшкереленіп, аз уақыттың ішінде күдіктілер анықталған. Сондай-ақ, жеті күн ішінде іздеуде жүрген және хабар-ошарсыз кеткен 7 адамның мекенжайы анықталды.

Толығырақ оқу »

Қатты соққыдан екі әйел қалпақтай ұшты

Атырауда автобус жүргізушісінің екі әйелді қағып өлтіргені туралы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Толығырақ оқу »