Басқы бет / «Полиция KZ» журналы (бет 5)

«Полиция KZ» журналы

Полицейлер – мақтауға лайық жандар

Алматы – ән мен жырдың астанасы. Бір кездері шайыр шаһарға арман қуып келген қазақтың қыз-жігіттері қазір белгілі өнер иелері. Солардың бірі Маңғыстаудың сырнай мақамды әншісі – Жанар Айжанова. Ол елін жиырма алты жылдан бері әсем әніне бөлеп келе жатқан әнші. Оны бүкіл қазақ халқы бұрын күмбірлеген қазақтың қара домбырасымен және нәзік әні арқылы таныса, ал қазіргі таңда көрермен әншінің жүргізуші, айтыскер және актриса ретіне танып келеді. Қазақтың күміс көмей әнші, …

Толығырақ оқу »

Әкем нағыз батырдың өзі

«Отан отбасынан басталады», – деген дана сөз бар қазақта. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы болса керек. Отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. Осындай айрандай ұйыған, өнегелі отбасының бірі – өзінің Отан алдындағы борышын адал атқарып, бүгінде тәрбиелі ұл-қыз өсіріп отырған Сәдендер әулеті. 

Толығырақ оқу »

Татьяна Бурмистрова: Қазақ тілі – құнарлы, бай тіл

Татьяна Бурмистрова ұлты орыс болса да, дархан қазақ жерінде кіндік қаны тамып, бала кезінен ұлттық аспабымыз – домбыраны қолына алып, қазақша ән салған дарынды жан. Қазақ тілінің қадір-қасиетін жан-тәнімен сезіне білген Татьянаны исі қазақ жақсы көреді. Кезінде үш Татьяна болып сахнаға шығып, бар көрерменнің көзайымына айналған үштіктің бірі, сахнасы мен домбырасын қолынан бір сәтке де тастамағаны да осы – Татьяна Бурмистрова. Өз тілін құрметтеп, өзге тілдің бәрін білгісі келетін мұндай …

Толығырақ оқу »

Жолаушылар пойызындағы жүгенсіздік

Қара халықтың басым бөлігі жол жүргенде жолаушылар пойызына жүгінеді. Жол қатынасының қолжетімді әрі қауіпсіз түрі болғандықтан жылдың төрт мезгілінде де пойыз іші бос болған емес. Бірақ, билет табудың машақаты теміржол құралдарына келгенде қиынның қиыны. Бір қызығы, табылмайтын қағазды үстіне қосымша ақы төлесең, жекеменшік кассалар айтқан уақытыңда тауып беруге бар. Ал ол болмаса жолсеріктер жолаушыларды билетсіз-ақ барар жеріңе жеткізуге «жәрдемші». Осылайша бір адамдық орынға бірнеше жолаушы отырғызылып, әп-сәтте вагон ішінде ақшаның …

Толығырақ оқу »

ЕРТЕ СУЫҚ ҰРҒАН ГҮЛ

Бұралаң-бұлтарысы көп, көкшуан толқыны аспанға көтерілген ашулы теңіз бетіндегі қалтқыдай ойнаған кеме үстіндегі алмағайып кезеңдей бұл өмірдің адамдарға тартқан сыбағасын санап тауыса алармысыз. Сол сан мыңдаған адамдар тобырындағы тағдырлар да, зырлауық заман ыңғайына бейімделген бейбақтар да шынайы жүзін көрсетпейді. Ұстараның жүзіндей аударылып-төңкерілген заманда адамдар да сең соққан бекіредей мең-зең күйге түскен тәрізді. Япырым-ай, заман ағымы қандай жартасқа апарып соқтырар екен?

Толығырақ оқу »

Шен таққан инженер

Биыл ердің жасы елуді еңсерген Астана қаласы Ішкі істер департаменті, Сарыарқа аудандық ішкі істер басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған, отставкадағы полиция полковнигі Ермахан Бекмағамбетов жайында сөз қозғауды жөн санадық. Сыны қатал салада абырой биігінен төмен түспеген азамат ақтарыла сыр шертті. Ішкі істер органдарындағы қызметіне бар – күш-жігері, білім-біліктілігі мен асыл уақытын берген полковникпен мерейтойы қарсаңында арнайы кездестік. Ермахан Алдашұлы жаны қалап таңдаған қызметі жайлы ашыла сөйледі.

Толығырақ оқу »

Тәртіп бар жерде тыныштық та болады

Қазақ эстрадасына Бүркіт есімімен танылған Айбек Жансейітов өз әндерімен қазақ жастарын патриоттық рухқа тәрбиелеп, нәзік сырға толы шығармашлығымен тыңдарманына мөлдір сезім сыйға тартып келеді. Сахына төрінде 12 жылдан бері ән шырқап жүрген Айбекпен кездесудің сәтті түсті.

Толығырақ оқу »

Әке жолын қуған полицей

«Әрбір шаңырақты шуаққа бөлеп, бақытын шалқытатын не?» дегенде Тәңірден амандық, адамнан ортақ кәсіп деген екен бір ғұлама. Расында ортақ кәсіп бауырластықтан да әрі адамды жақындастыра түседі емес пе? Әрбір күніңнің көп бөлігін өткізетін жұмыс жайы, қызмет бабы бауырды әріптеске, досқа айналдырып жібергенде бұл кәсіптің ардақ жолы деген осы емес пе деп сүйсінесің. Мұндайды отбасылық династия деп жатамыз. Міне, осындай бір саладан бақыт та, береке де тауып, бір мақсат, бір мүддеде …

Толығырақ оқу »

Жалын жұтқан жан

Бұл өмірдің шешілмеген жұмбақтары жеткілікті. Оның құпиясын шешу кез келгеннің уысына түсе бермейді. Әйткенмен, адамдар жер бетіне келгелі жаратылыс жұмбақтарын шешуге ұмтылып келеді. Сана сауыққалы біраз сырдың құпиясына қанықты да. Әйткенмен, мына ғажайып ғаламда құпиясын қымтап, сыр ашпай тұрған тылсым дүние баршылық.

Толығырақ оқу »

Безбүйрек әкелерге қатаң жаза керек

«Өзбек байыса там салады, қазақ байыса қатын аладының» кері келіп тұрғандай. Бұрынғы заман болса ғой, жағдайы жарасып тұрса 5-6 әйел алуға рұқсат беретін, ол күн келмеске кеткен. Бір адамға тұсаулап қойған заман орнаған соң әйел-байғұс отағасын өзгелерден қорғаштап әлек. Содан бері әйелдердің психологиясына мықтап дәнін сепкен «бір әйелге – бір күйеу» қағидасының тоңы жібіген жоқ. Алда-жалда тоқал алу мәселесі заңмен бекітіле қалғандай жағдай болса, онда күндестер көтерілісі бұрқ ете қалуы …

Толығырақ оқу »