Басқы бет / «Полиция KZ» журналы (бет 4)

«Полиция KZ» журналы

Сынып түскен сылдырмақ…

Қазақ «Шаңырағыңнан баланың былдыры, бесіктен сылдырмақтың шылдыры кетпесін!», – деп қол жайып, бата берген халық. Ұрпағының амандығына, аналардың саулығына аса мән берген. Жалпақ тілге жаттанды болған тіркеспен айтар болсақ, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ел.

Толығырақ оқу »

Әкемнен үйренерім көп

Баланың адамдық қасиеттері мен әдептілігі, оның болашақта алар орны отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Өйткені, ата-ана — басты ұстаз. Баланың ел мақтарлық азамат болып өсуі де ананың ақ сүті мен әкенін ұлағатты тәрбиесінің жемісі. Осындай ынтымағы жарасқан үлгілі отбасылардың бірі – Уатаевтар әулеті.

Толығырақ оқу »

Бекетте туылған сәби

Қарағанды тас жолымен зулап келе жатқан сұр түсті «Ауди 80» автокөлігі бекетке жақындаған сайын жылдамдамдықты асыра түсті. Астана қаласының «Жайна» шеп-бекетінде тұрған кезекші инспекторлардың көзіне бұл оғаш көрінді. Взвод командирі, полиция капитаны Әлімқұлов күдікті көлікті қатаң бақылауға алуды бұйырды. Жүргізуші еш сасар емес. Жақындаған сайын жылдамдықты үдете түсті.

Толығырақ оқу »

Шалғайдағы Шамалған

Ішкі істер органындағы ең қара жұмысқа барабар қызмет – ол учаскелік инспектордың жұмысы. Қолына папка ұстап қарауындағы үйлердің қақпасын қағып жүретін учаскелік инспектордың жұмысы сырт адамға оп-оңай сияқты көрінеді, бірақ сол инспектормен жарты күн бірге жүріп көрсеңіз…

Толығырақ оқу »

Өмірімді өрнектедім өлеңмен…

«Өлең – қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы». Сұлтанмахмұттан артық өлең жайлы ешкім де асырып айта алмас. Ақын болу сөздер мен буындарды жай ғана ұйқастыру емес, жаратқанның сүйіктілеріне сыйлаған дарын, қабілеті. Ал егер сол дарын шенді тәртіп сақшысына бұйырса, онда Отан деп соққан жүректің талайларға шабыт, рухани күш сыйлары анық.

Толығырақ оқу »

Аманат арқалаған ерлер

Театрға талантты актер, актерге рөліне деген шексіз махаббат керек. Журналымыздың бүгінгі санында Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық қазақ музыкалық драма театрының талантты жас актері Олжас Жақыпбекпен сұхбаттасқан болатынбыз.

Толығырақ оқу »

Мақтаным, тірегім – отбасым

Жаңа жыл қарсаңында бақытты жанұялардың біріне жолымыз түскен болатын. Отағасы Сабиров Бахадүр Исмаилұлы Астана қалалық әуе қорғаныс күштерінің бас командалық пунктінің бірінші сынып сержанты болса, жұбайы Сабирова Шынаркүл Мұхамедкарімқызы «Жасұлан» республикалық мектебінің саптық және кадрлар бөлімінің бас маманы, жауапты орындаушысы. Отбасында тәртіп бірінші орында екені айтпаса да анық. Дегемен, «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» деген Жүсіп Баласағұнның ғибратты тәлімі болашақтан үміт күттіреді. Сегіз жасар Рустам үйдегі тәртіп …

Толығырақ оқу »

Адамның бақыты балада

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты балада» деген. Кез-келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреуі бақытын байлықтан тапқысы келсе, біреуі атақ пен даңқ, мансаптан іздейді. Мұның бәрі тек түсінген адамға ғана қолдың кірі сияқты. Себебі, адамға негізі шын бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен ғана мың жасайды» деген сөз …

Толығырақ оқу »

Жаңбырлы түн

Күзгі салқын сұр бұлт күннің көзін тұмшалап, онсыз да азайып бара жатқан жарықты мүлдем қаракөлеңкелеп жіберді. Ауада ызғар бар. Бой тоңазытқан ымырт көңілге кіреуке салатындай. Такси жүргізушісі Әлімхан түнгі жұмысқа түсуі тиіс еді. Бойын бір үрей билегендей мазасы қаша берді. Оның үстіне жауырыны мұздағандай, сіркесі су көтермей-ақ қойды. Бәлкім, қорғасын бұлттың әсері шығар. Әншейінде Әлімхан жұмысына бар ықыласымен шығатын. Бүйірінде «Такси» деп жазылған «темір тұлпарды» желдіртіп отырып, қаланы екі-үш рет айналып …

Толығырақ оқу »

Мейірімге мұқтаж жандар

«Өмірімнің түк мәні қалмады.Кім үшін? Не үшін өмір сүріп жүрмін?…» Бұл – қос жанары екі қызы мен жан жарынан бірдей айырылған Балкен атаның ойы. Мұндай ой тек Балкен атаны емес, қарттар үйінде тұрып жатқан ақ шашты әз аналарымыз бен, данагөй аталарымыздың көбісін жиі мазалайтыны сөзсіз.

Толығырақ оқу »