Басқы бет / «Полиция KZ» журналы (бет 3)

«Полиция KZ» журналы

Полицейлер – бүгінгі күннің батырлары

Бүгінгі нөміріміздің қонағын біреулер Нұрғиса Тілендиевтің ізін жалғайтын талантты күйші деп таныса, енді бірі болашағынан зор үміт күттіретін жоғары білімді дипломат деп таниды. Мұрагер Амангелдіұлы Сауранбаев – «Дарын»мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,халықаралық және республикалық конкурстардың жүлдегері. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігі ЭКСПО – 2017 хатшылығының басқарма жетекшісі.

Толығырақ оқу »

«Полиция.kz» аруы анықталды

Дәстүрлі «Полиция.kz» аруы – 2015» байқауы өз жеңімпазын анықтады. Байқау қорытындысы ҚР Ішкі істер министрлігінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарада жарияланды. Арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша, қарағандылық Елена Мустакимова «Полиция аруы – 2015» атанды.

Толығырақ оқу »

Тыртық

Күрең күз еді. Айналаның бәрі қоңырқай түске малынған. Таудан құлаған бұлақ та бұлқына алмай баяу ағады. Аласалау жоталардың шөбі жапырылып қалғаннан соң ба, одан сайын аласарып көрінеді. Сонау етектегі Құркелес өзені де жуасып қалған. Өзен көктемде тасиды. Осы кезде жағалаудағы тоғай суға қарық болады. Көп ұзамай тоған іші де түрлі өсімдікке толып шыға келеді. Демалушылар осы кезде тоғайға іркес-тіркес бірі автокөлікпен, екіншісі атпен, тағы бірі арбамен ағылып жатады.

Толығырақ оқу »

Тән саудасының тақсыреті

«Не нәрсе ұятты болса, сол асыл» деген екен Ғабиден Мұстафин. Расымен де, қазақта «ұят болады» деген ұғым, түсінік қалыптасқан. Халқымыз ұрпағын жасынан «ұят боладымен» тәрбиелеп, ибалы, инабатты, арлы, ұятты болып ер жетуіне зор мән берген. Бүгін сол халықтың «ұят бола-дысы» кеміп, «онда тұрған дәнеме жоғы» көбейген сыңайлы. Соның салдары – көргенсіздікке әкеп соғуда. Көргенсіздіктің бір көрінісі – қаракөздеріміздің теріс жолға түсіп, нәпақасын жезөкшелікпен тауып жүргендігі.

Толығырақ оқу »

Полицейлер патриоттықтың белгісіндей

Камил Муллашев еліміздің дарынды суретшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Франция Көркемөнер Академиясының лауреаты, Татарстанның халық суретшісі, Қазақстан Көркем өнер академиясының академигі, Қытайдың Хан-Шан мен Шан-Тао университтерінің құрметті профессоры. Мыңдаған туындысы Астана тұрғындарының көзқуанышына айналды. Оның салған суреттері АҚШ-та, Мәскеуде, Германияда, Түркияда, Қытайда, тағы да басқа алыс-жақын шет елдерде көрмеге қойылды. Камил Валиахмедұлының туындылары монументтілігімен, бояу нақышының байсалдылығымен ерекшеленеді. Оның «Мейірім шуағы», «Абылай хан», «Нұрлы жол», «Сара ақын», «Таңсәрі», «Шопан», «Дала самалы» …

Толығырақ оқу »

Ар сынағынан сүрінбеген азамат

Ауған соғысы дегенде біздің көз алдымызға дәл сол ауған жеріндегі қан сасыған майдан даласы болмаса да Отан қорғайды деп аттандырған бауыр еті балаларының темір табытын құшақтап жылаған аналардың зары мен он екі мүшесі сап-сау аттанған жас жауынгерлердің мүгедек болып келген күйі елестейді. Бірақ «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген рас екен. Сол бір қызыл қырғыннан аман оралған азаматтардың бірі – Ойрат Сәметұлы Ақтымбаев.

Толығырақ оқу »

Айтыскер ақын Жандарбек БҰЛҒАҚОВ: Ақындық – халық геніндегі асыл қасиет

Қазақ айтыс әлемінде өзіндік орны бар айтулы ақын Айтақын Бұлғақовты білмейтін, танымайтын адам кемде-кем. Әкенің ұлттық айтыс өнеріне деген махаббаты ұлы Жандарбектің де киелі сахнаның төріне шығуына ықпал етті. Атадан балаға мирас болып қалған киелі дәстүр ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ғұмырлы өнеріміздің даңқын асқақтата түсті. Әке мен баланың тамаша айтысын көрерменге ұсынған Бұлғақовтар жайлы айтылар әңгіме көп-ақ. Жандарбек БҰЛҒАҚОВ – 2013 жылғы «Алтын домбыра» иесі. Жас та болса айтары …

Толығырақ оқу »

Жаны нәзік, мінезі қайсар Салтанат

Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Қаракөзова Салтанат Бегімбайқызының Ішкі істер органдарының баспасөз саласында талмай еңбек етіп жатқанына биылғы ақпан айында 20 жыл толып отыр.

Толығырақ оқу »

Кәукейдегі кәсіби маман

Елімізде шалғай жатқан ауылдар жетерлік. Сол ауылдардың тыныс-тіршілігі жайлы жергілікті полицей жақсы біледі. Жергілікті тұрғындар да өз учаскелік полицейін жақсы таниды. Мысалы, Қызылода облысы Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Рақымжан Бекмамбетовтың атқарған жұмыстары жайлы кез келген ауыл тұрғыны айтып бере алады.

Толығырақ оқу »

Жүрекке қадалған қанжар

Дүрмекті дала шаңын қағып сілкіне алмай мүлгіп тұр. Тымырсық ауа тынысты тарылтып барады. Әншейінде аңызақ құм қойнауына тамшы тамбағалы көп болды. Аспан айналып жерге түскен аптап тірі жанның апшысын қуырып барады. Сағымды белестерден сары тышқандардан басқа тіршілік иесін табу қиын. Олар да мына қара қарғаның миын қайнатарлық аптаптан қашқандай індеріне кіріп алған.

Толығырақ оқу »