Басқы бет / «Полиция KZ» журналы (бет 10)

«Полиция KZ» журналы

Ерте аталып өтілген қоныс тойы

Қазақ болып ғұмыр кешу қызық. Қызық болғанда да үлкен бір романға азық болар оқиға әр қазақтың басында бар. Бұл ата-бабаларымыздан қанға сіңген анқаулығымыз хәм сенгіштігімізге қатысты. Аңқау болғанда да аңғал, арамдық атаулыдан ада періште пейіл баладаймыз. Кез-келген жерде, әсіресе, өз пайдамызға келгенде болмашыға алданып қалып жатамыз. Оған сенгіштік деген сері мінезіміз тағы қосылады. Содан кейін «жау» жайпап, білгенін істеп былықтырып кеткеннен соң айбалтаны былғанышты бір нәрсеге малып байбайлап, ойбайлап «Ай, …

Толығырақ оқу »

Қылмыстың өтеуі – жаза!

Өмірін тар қапаста, бостандықтың таңын күтумен өткізіп жүрген жазасын өтеушілердің жасаған қылмыстары әртүрлі болғанымен, алған жазалары біреу. Ол – көгілдір аспанды, әдемі әлемді темір тордың аржағынан ғана көру. Мерзімді жазасын өтеп, бостандыққа шыққаннан кейін де оларды өмір бойы өкшелеп қалмайтын кедергісі тағы бар. Алайда, олардың көбі бостандыққа шыққан соң жұмыссыздар қатарын толықтырады. Оларды жұмысқа орналастырып, ата-аналық құқығын қалпына келтіру қиын-ақ. Бейімдеу орталықтары да жеткіліксіз. Ең бастысы, күйзелістен шығуына көмек қолын …

Толығырақ оқу »

Ерлігі ел есінде қалған азамат

Елін, жерін қорғаған кешегі хас батырларымыздың ерлігі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған. Бұл дастандар ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жеткізіліп келеді. Міне, осындай батырлардың бірі – бүгінгі күннің полицейлері. Олар жайлы айтылар ерлік оқиғалар көп-ақ. Дегенмен де, кейде бұл ерліктің баянсыз және қайғылы оқиғамен аяқталуы көңілге қаяу түсіреді. Қоғамның тыныштығын қорғау мақсатында көкірегін оққа тосқан қаншама боздақтарымыз бар. Осындай ерліктің өшпес бір белгісі үстіміздегі жылдың мамыр айында орын алған еді…

Толығырақ оқу »

Ұлтжандылық ұлықталған күн

Жүректерге от берген республикалық патриоттық ән байқауы өз мәресіне жетті. Жастарға рухани тәлім-тәрбие беруде өз орны бар бұл байқау барша адамның патриоттық сезімін қайта оятқандай болды.

Толығырақ оқу »

Сұлулыққа жаны құштар жан

Қазіргі өркендеген заманда жұмыс істеймін деген адамға кәсіптің түрі жетіп артылады.Сәндік қымбат маталардың тігісін үйлестіріп, әдептеп, әсемдеп іс тігу асқан шыдамдылық пен шеберлікті қажет етеді.Осындай кәсіпті таңдаған, жұмысын жаңаша ойлайтын, көпшіліктің алғысын алып жүрген тігінші-дизайнер, қолы өнерлі, іс тігуші БҚО ІІД-нің Штаб басқармасының инспекторы, полиция капитаны Молдағалиева Гүлшат Табылдықызы жайында сөз қозғамақпыз.

Толығырақ оқу »

ҚОҒАМДА ПОЛИЦИЯ БОЛМАСА – ТӘРТІП ТЕ БОЛМАЙДЫ

Ескендір Хасанғалиев – әйгілі әнші, белгілі сазгер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ол – 200-ден аса танымал әннің авторы. «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Атамекен» әндерін білмейтін қазақ кемде-кем. Ескендір ағаның шығармашылығын қай жағынан алмайық, ұлттық рухани құндылыққа бай, таза,тұнық, мағынасы терең. Ол қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының да сөзіне әдемі ән жазды. «Полиция.kz» журналының кезекті қонағы – Ескендір аға өмірден көргені мен түйгені жайлы сыр бөлісті.

Толығырақ оқу »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ҰЙЫМЫ

Егеменді ел болып, етегімізді кеңге жайған кезде, халықтың тыныштығын қашырған қылмыскерлер де әр жерден жаңбырдан кейін бой көтерген саңырауқұлақтай болып келеді. Десек те, осындай арам пиғылды, қара ниетті адамдардың әрекетін іске асырудың алдын алуда және қылмысын жасырмақ ниетпен шетелге қашып тығылған қылмыскерлерді құрықтауда талмай еңбек етіп жүрген құқық қорқау органы жайында сөз өрбітпекпіз. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерпол бюросы болып табылады. Оған мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының халықаралық сипаттағы …

Толығырақ оқу »

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Абай ТАСБОЛАТОВ: «ҚАНАҒАТТЫ БІЛМЕЙТІНДЕРДЕН ҚОРҚАМЫН»

Халық қалаулысы, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Әскери ғылымдар академиясының президенті Абай Бөлекбайұлы «бабасы еккенді, баласы орады» дегенді жадында ұстаған жан. «Бабалардың жолын батырдың ұрпағы ғана бағалай алады» деп санайтын ұлтжанды азаматтың еңбегі елеусіз қалмағанына «Даңқ» І дәрежелі, «Даңқ» ІІ дәрежелі, «КСРО Қарулы күшіне қосқан үлесі үшін» ІІІ дәрежелі ордендерімен және «Әскери ерлігі үшін» берілген медалдары …

Толығырақ оқу »

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қабиболла ЖАҚЫПОВ: «БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАСТЕРЛЕУГЕ ТИІСПІЗ»

Мемлекет пен қоғамды дамыту, халықтың тұрмысын сапалық тұрғыдан жақсарту үшін заңнамаларды заман талабына сай жетілдіру маңызды екені даусыз. Қоғамның барлық саласын қамтитын реформалар, түрлі әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылу барысында халықтың мүддесі ұмыт қалмауын, құқығы мен бостандығы, еркіндігі мен ерік-жігері қорғалуын басты назарда ұстау – Парламенттің еншісіне бұйырған міндет. Сондықтан бұл Парламенттің төріне кім көрінген жіберілмейді. Елдің сенімін ақтаған, азаматтық позициясын алдамшы атаққа сатпаған, абыройлы міндетім – халқыма қызмет ету деп …

Толығырақ оқу »