Басқы бет / «Полиция KZ» журналы

«Полиция KZ» журналы

«Арлан» жасағындағы алғашқы әйел

Әйел жайлы айтылатын әңгіме де, қозғалатын тақырып та көп. «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» нәзік жандарға қанша мақтау, қанша мадақ айтсақ та, қандай құрмет көрсетсек те артық етпес. Оның ішінде ел тыныштығы жолындағы әйелдердің орны айрықша. Сондай жандардың бірі – арнайы жасақ пен ішкі істер органдарында қызмет атқарған, еліміздегі «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағындағы тұңғыш әйел, көпбалалы ана, асыл жар, полиция майоры Галима Өмірсерікқызы Мейірманова.

Толығырақ оқу »

Милициядан қалған мұра

Қарағанды облысының Жезқазған қаласына арнайы сапармен барғанымызда, біз жергілікті Ішкі істер басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Мұқатовпен таныстық. Құр келмеген тілшілерді құрақ ұшып қарсы алған ақсақал, бәрімізді бірден бұрынғы Жезқазған облыстық ішкі істер органдарының музейі болған ғимаратқа бастап барды.

Толығырақ оқу »

Сақшылардың сенімді серігі

Иттің адамға серік, күзетке берік екенімен әлімсақтан таныс елдің бәрі олардың адамдармен бір сапта кәдімгідей қызмет атқаратынын біле бермейді. Қазір «қызметтік иттер» деген тіркес жиі қолданыла бастады. Қарапайым адамдар негізінен полиция қызметкерлерімен бірге есірткі іздеп жүрген иттерді жиі көретіндіктен, «қызметтік иттер» деген сөздің мағынасына «иттер есірткі табуға көмектеседі» деп біржақты баға беріп жатады. Ал ІІМ Кинологиялық орталығының нағыз маман-кинологтарымен әңгімелесіп, «қызметтік иттердің» атқаратын қызметінің жан-жақтылығы мен жауаптылығына қаныққанымызда, көргенімізден көрмегеніміздің …

Толығырақ оқу »

Дәніккеннен құныққан жаман

Алаяқтық. Соңғы уақытта жиі жасалып жүрген алаяқтық заманына сай түрленіп, әдіс-тәсілдерін жаңартып, жетілдіріле түсуде. Оңай олжаны көздегендер оны кәдімгідей кәсіпке айналдырып алған. Бірақ, бір әдіспен қашанғы алдай алсын? Ал бүгінде интернет желісін қолданбайтындар кемде-кем.

Толығырақ оқу »

Үміті ақталған «Үздік полиция»

Қарағанды облысының орталығынан шалғай орналасса да, Сәтбаев қаласы «ешкімнен нан сұрамайды». Бұндағы қазақы қоңыр тірлік өзге шағын қалалардағы сияқты өз ішінде тыныш қана өткеріліп жатыр. Саламыз сол болғандықтан, біз негізінен сәтбаевтік сақшылардың тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуды ұйғардық.

Толығырақ оқу »

Ардагерлер – тәжірибелі тәлімгер

Қазақстан полициясының 25 жылдығы құрметіне арналған Көліктегі ІІД-де жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті болып өтті. Шараның мақсаты – тәртіп сақшыларын кәсіби шеберлікке баулу, мамандықтың беделін көтеру, оларды ішкі істер органдарының озық дәстүрлері бағытында тәрбиелеу.

Толығырақ оқу »

Австрияның Қазақстандағы елшісі Герхард САЙЛЛЕР: ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙМЫН

Қазақстан-Австрия қарым-қатынасы – ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша мол әлеуетке ие. Екі елдің достық қарым-қатынасының ширек ғасырдан асқаны да осының бір айғағы. Сондықтан да біз таяуда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдеріндегі Австрия мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Герхард Сайллер мырзамен сұхбаттастық.

Толығырақ оқу »

Мақсұттың мығым мақсаттары

ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінде қызмет атқарып жүрген осы бір балуан денелі, тұла бойынан қазақы болмыс аңқып тұратын, сөз арасында ана тіліндегі шешендік оралымдарды шебер қолданатын жайсаң жігітке жолыққан сайын, оның ашық қабағы мен адамға жағымды қарым-қатынасына қарап, «нағыз азамат осындай болса керек» деген ой келеді.

Толығырақ оқу »

Тұғырынан таймаған тұлға

Ішкі істер министрлігі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткеннен кейінгі жылды ақсақал жасына жеткен құрметті ардагерлерін ардақтаудан бастады. Соның бірі де бірегейі – көрнекті мемлекет қайраткері, әділет генерал-майоры Болат Ысқақовтың 70 жасқа толуы.

Толығырақ оқу »

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол: ҚАЗАҚСТАН – ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТ

Әлемнің алпауыт мемлекеттерінің бірі – Америка Құрама Штаттары. Ал екі ел арасындағы байланыс кімді де болсын қызықтырары анық. Осы тұста Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі Джордж Крол мырзамен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Толығырақ оқу »