Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар (бет 3)

Жаңалықтар

Бюджеттің игерілуін бағалау маңызды

Кеше Елбасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековті қабылдады. Кездесу барысында Н. Әбдібеков Нұрсұлтан Назарбаевқа Есеп комитетінің 2017 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңдегі міндеттері жөнінде баяндады.

Толығырақ оқу »

Теңдесі жоқ миграциялық орталық

Бірінші рет елімізде шетелдіктерге ешбір кедергісіз қызмет көрсететін миграциялық ХҚО ашылды. Өткен аптада оның ресми ашылу салтанатына Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев және ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов қатысты.

Толығырақ оқу »

Ел үмітін ақтаған ер

ІІМ Оқу орталығында алғашқы арнайы оқыту курстарына келген қатардағы және кіші басшы құрам тыңдаушылары Парламент Мәжілісінің депутаты, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен кездесті.

Толығырақ оқу »

Қаһармандарға құрмет

Жыл сайын дəстүрге айналған Республикалық «Қазіргі заман қаһармандары» акциясы биыл 21-25 қараша күндері Атырау облысында ұйымдастырылды. Бұған дейінгі жылдары тəлімі терең шара Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан жəне Павлодар облыстарында өткен болатын.

Толығырақ оқу »

Антқа адал, міндетке мінсіз ардагер

Бүгінгі күні ішкі істер органдары саласында қызметіне қалтқысыз берілгендердің қатары көп. Тәуелсіз елдің осындай тарландарын тәрбиелеуде тау тұлғалардың да еңбегін тасада қалдыруға болмайды. Сондай жетістіктерге жетуде өз ісінің жоғары білікті маманы, барлық күш-қуатын Отанды қорғауға, елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арнаған тұлға Болат Баекеновті еңбектің зейнетін көріп отырған елеулі азаматтардың бірегейі деп зор мақтанышпен айтамыз.

Толығырақ оқу »

Әлеуметтік мәселе әсер етпей қоймайды

7 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов кеңес жұмысы мен алда атқарылар істер жайлы айтып өтті.

Толығырақ оқу »