Басқы бет / «Сақшы» газеті / Жаңалықтар (бет 10)

Жаңалықтар

Ақмола өңіріндегі келелі кездесулер

Ақмола өңіріне кезекті іссапармен келген Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Сапар Ахметов, Ерсұлтан Бектұрғанов, Жанат Жарасов, Жексенбай Дүйсебаев пен Михаил Чирков өз кездесулерін облыстық «Нұр Отан» партиясы активінен бастады. Халық қалаулылары бұқарамен кездесу барысында Парламент атқарған жұмысымен таныстырып, Елбасының саясатын жүзеге асырудағы негізгі атқарылған жұмыстарына есеп беріп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Толығырақ оқу »

Парламентаралық ынтымақтастық даму үстінде

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті. Кездесу барысында екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын дамытудың негізгі жолдары, атап айтқанда, мемлекеттер басшылары деңгейінде қабылданған құқықтық шешімдерді қамтамасыз ету жоспарлары талқыланды.

Толығырақ оқу »

Замануи сот жүйесі қалыптасты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан судьяларының VII съезіне қатысты. Съезге еліміздің судьялар корпусының өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, құқықтық қоғамдастық, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Толығырақ оқу »

Күш құрылымдарына серпін беретін құжат

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған осы комитеттің мүшелері еліміздің қорғаныс министрлігінде болып, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Толығырақ оқу »

Президент Премьер-министрді қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады Кездесу барысында Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына елдің биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және басты мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Толығырақ оқу »

Елбасы елшілерден Сенім грамоталарын қабылдады

Рәсім барысында Қазақстан Президентіне Австрия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Герхард Сайллер, Ватиканның Төтенше және өкілетті елшісі Фрэнсис Ассизи Чулликатт, Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэль, Грекия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Александрос Катранис, Қатар Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Ахмад бен Әли Әбдуррахман әл-Джамиль әл-Тамими, Нидерланд Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коп, Швейцарияның Төтенше және өкілетті елшісі Урс Шмид, Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі …

Толығырақ оқу »

Елін қорғау – ерге серт!

Ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа адал болу, ел басына күн туса, оны ақтық демің қалғанша қорғау, қажет болса, жан қию. Осылайша, ант қабылдаған курсанттар біздің ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған жаужүрек ата-бабаларымыздың ерлік жолын жалғастырушыға, елдің қорғанына, сенім арқалаған азаматқа айналмақшы.

Толығырақ оқу »

Жайық өзенінің экожүйесі сақталады

Қазақстан мен Ресей Мемлекет басшылары қатысқан бизнес-форумы аясында екі ел Жайық өзенінің экожүйесін сақтаймыз деп келісті. Осылайша форум аясында Қазақстан және Ресей үкіметтері арасында Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімге қол қойылды.

Толығырақ оқу »