Жаңалықтар

Елбасы Ішкі істер министрін қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ішкі істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ, түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.

Толығырақ оқу »

Елбасы Үкімет басшысын қабылдады

Елбасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру бағытында Үкіметтің атқарып жатқан жұмысы туралы есеп берілді, сондай-ақ, 2017 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы жөнінде мәлімет ұсынылды.

Толығырақ оқу »

Әскердің әлеуеті артып келеді

Қазақстан Президенті Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Мемлекет басшысына Қорғаныс министрі еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы мен армия алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берді.

Толығырақ оқу »

Елбасы Әзербайжан президентімен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен Бакуде кездесті. Ресми кездесу рәсімінен соң қос мемлекет басшысы «Загульба» резиденциясында шағын құраммен келіссөз жүргізді.

Толығырақ оқу »

Елбасы Дін істері министрін қабылдады

Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі мен алдағы жұмыс жоспары туралы есеп берілді.

Толығырақ оқу »

Басқару жүйесінің басымдықтары

Кеше Елбасы Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. Мемлекет басшысы бүкілхалықтық талқылауға шығарылған конституциялық реформалар жобасына қатысты ұсыныстарды жинақтау, пысықтау, талдау және талқылау жөнінде жұмыс тобы ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті.

Толығырақ оқу »